«Қазығұрт қыраны – генерал Сабыр Рахымов»

Жуырда Шымкент қаласындағы А.Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханасында белгілі әдебиеттанушы, ғалым, жазушы Әсілхан Оспанұлына биыл 100 жыл толуына орай еске алу кеші әрі белгілі суретші, этнограф, талай кітаптардың авторы, ғалымның ұлы Ералы Оспановтың  «Қазығұрт  қыраны – генерал Сабыр Рахымов» атты кітаптың тұсаукесері аталып өтті. Іс-шараны Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ-нің т.ғ.к., доценті Қ.Сапарханұлы модераторлық етті.

Админ

Кешке Қарулы Күштердің ардагерлері, қалалық ардагерлер кеңесі, М.Әуезов атындағы мемлекеттік университетінің әдебиеттанушылары, Ауған соғысы ардагерлері мен Семей полигоны ардагерлері, Желтоқсаншылар, Б.Момышұлы атындағы оқу орталығының басшылығы, 35748 әскери бөлімінің әскери оркестр қызметкерлері, ақын-жазушылар мен журналистер, Көкібел ауылында тұратын батырдың ағайын-туыстары және қаладағы Сабыр Рахымов атындағы мектептің директоры, кітапханашылары мен оқушылары, әскери колледж ұландары мен кітапханашылары  қатысты.

Кеш ҚР Әнұранымен басталып, жиналған зиялы қауымдар, қонақтар, ардагерлер сөз алып, Әсілхан Оспанұлының өткен өмірі мен жолдарына тоқтап, біраз естеліктер айтылды. Сөз кезегінде, Қазығұрт ауданы, Көкібелі ауылынан келген батырдың туыстары ғалым, ұлтжанды азамат болған Әсілхан ағаның талай жылдар бойы батырдың  қазақ екенін дәлелдеу үшін көптеген  деректер жинап, батырдың есімін туған еліне қайта оралуына көп тер төккенін тілге тиек етті.

Іс-шарада журналистің ұлы этнограф Ералы Әсілханұлы «Қазығұрт  қыраны – генерал Сабыр Рахымов» атты кітаптың тұсаукесеріне келген қонақтарға ризашылығын білдіре отырып, әкесінің аманатын орындау мақсатында ол кісінің  еңбектерін кеңейтіп, Қазығұрттың қыраны Сабыр Рахымовтың өткен жолдарына зерттеу жасап, деректі естеліктерін, сипаттамаларын, мақалалар мен фотосуреттерін толықтырып, аз тиражда болса да кітаптің шығуына мұрындық болып, әкесінің аманатын орындағанына  қуанышты екенін айтып, кітаптарды өз иелеріне табыстады. Әрі қарай кеш концерттік бағдарламамен жалғасын тауып, Шымкент қаласында орналасқан Сабыр Рахымов атындағы мектеп оқушылары,  әскери колледж ұландары Сабыр аталарына арнаған өлең шумақтарын оқыса, 35748 әскери бөлімінің оркестрі музыкалық шығармаларын орындады.

Кеш соңында Ералы Әсілханұлы «Қазығұрт  қыраны – генерал Сабыр Рахымов» атты кітапты сыйға тартып, барлығы естелікке фотоға түсті.

 

Айкен Оспанқұлова,

ҚР ҚМ Сабыр Рахымов атындағы әскери колледж                                                         қызметкері 

__Последние новости

  • Басты назарда

Ер жігіттің жолын ұстанған ару

Бүгін, 17:23
Админ
  • Басты назарда

Шынашақтай қыздың шыққан биігі көп

Бүгін, 10:20
  • Басты назарда

Арманы асқақ ару қыз

Кеше, 17:23
  • Басты назарда

Сүйіспеншілікке шақырған шара

Кеше, 09:01
  • Басты назарда

Жеке құрамға түсіндіру сабағы

10/03/2025 - 17:00
  • Басты назарда

Көпбалалы әскери ана

10/03/2025 - 15:26
  • Басты назарда

Әуе шептерін қорғаушылармен кездесті

10/03/2025 - 10:59
  • Басты назарда

«Қазақша Quiz» дағдысында сынға түсті

09/03/2025 - 16:58
  • Басты назарда

Рухты елдің ұрпағы қайсар

08/03/2025 - 16:47
  • Басты назарда

Бозбалалар әскерге баруға дайын

08/03/2025 - 09:44
  • Басты назарда

Оқушы назарындағы әскери өмір

07/03/2025 - 16:41
  • Басты назарда

Әскери өмірмен танысты

07/03/2025 - 12:40