Балалар арасындағы шахмат турнирі

Қарағанды гарнизонында Тәрбие құрылымдарының офицерлері күніне орай «Шахмат – ақыл-ой спорты» атты жарыс ұйымдастырылды. Турнир 31775 әскери бөлімінің базасында өтті және оған «Астана» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдер қызметшілерінің 5-9 сыныпта оқитын балалары қатысты. 

Админ

  Зияткерлік жарысқа 30-дан астам жасөспірім қатысып, өздерінің логикалық ойлау қабілеті мен тактикалық шеберлігін сынады. Турнирдің басты мақсаты – әскери қызметшілердің балаларының шахматқа деген қызығушылығын арттыру, олардың стратегиялық ойлауын, есте сақтау қабілетін дамыту және жеңіске деген ерік-жігерін қалыптастыру. Сонымен қатар, бұл сайыс жас шахматшыларға өзара тәжірибе алмасуға, жаңа достар табуға мүмкіндік берді. Тартысты өткен ойында 9-сынып оқушысы Даниял Жұматов барлық қарсыласынан басым түсіп, бірінші орынға ие болды. Екінші орынға 9-сынып оқушысы Сани Тұрсынқазыұлы, ал үшінші орынға 6-сынып оқушысы Арсен Алтынбеков тұрақтады. 31775 әскери бөлімінің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру жөніндегі көмекшісі, турнирдің ұйымдастырушысы Назгүл Серікова жарысқа қатысушыларға алғыс білдіріп, шахмат ойынының маңыздылығын атап өтті: 

  – Шахмат тек ойын ғана емес, ол – ақыл-ойды дамытатын ерекше спорт түрі. Ол зейінділікті арттырып, есте сақтау қабілетін жақсартады, ерік-жігерді шыңдайды. Бұл сайыс жас шахматшыларға жаңа белестерді бағындыруға шабыт береді деп сенемін, – деді Назгүл Бекарысқызы. 

  Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері грамоталармен марапатталып, арнайы сыйлықтарға ие болды. Ал белсенділік танытқан барлық қатысушыларға 31775 әскери бөлім командирінің атынан алғыс хаттар табысталды. Осындай іс-шаралар жас ұрпақтың ой-өрісін дамытуға, жеңіске деген ұмтылысын арттыруға және жаңа достық қарым-қатынастар орнатуға ықпал етеді. Алдағы уақытта да осындай жарыстар жалғасын табады деп күтілуде.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02