Әскери-қолданбалы спорт түрлерінен жарыс

Ауғанстан соғысының интернационалист-жауынгері Болат Арынтайұлы Ағымановты еске алуға арналған Абай облысында әскери-қолданбалы спорт түрлерінен жарыс ұйымдастырылды.   

Админ

Жерлес жауынгерді еске алуға арналған сайыс Абай облысы білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы, Бородулиха ауданының спорт бөлімі және аудандағы Төлеубай Аманов атындағы орта мектептің бірлескен жоспарының негізінде жүзеге асты. Ашылу салтанатында Савет Мұратұлы Айтбаев, Мұратбек Данилович  Аильбаев, Ғажайып Тілеусейітұлы Сыздықов, Александр Иванович Эйферт, Анатолий Анатольевич Буркин ардагер ретінде бөтен елдегі беймәлім соғыстың тарихи маңыздылығы мен сабақтарын тілге тиек етті. Абай облысы білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының әскери-патриоттық бағытты дамыту бөлімінің басшысы Болат Құрманов пен «Ақсақал» шекара бөлімшесі командирінің тәрбие және идеологиялық жөніндегі орынбасары аға лейтенант Дастан Ілес жарысқа қатысушыларға ізгі тілектерін білдірді.

   Барлығы 9 команданың мүшелері алғашқы әскери дайындық пәнінен алған білімдері мен әскери-спорттық шеберліктерін сынады. АК-74 автоматын жартылай бөлшектеу және жинақтаудан ұлдар арасында Әділ Асаубаев, Елтай Шнайдер, Кирилл Богинич, ал, қыздар арасында Элина Магамаева, Айзере Раева, Лаура Райхан алдарына жан салмады. Кермеге тартылу кезеңінде Ержан Нұрғалипов, Арнұр Құмаров пен Ниас Сулубеков үздік шықты. Диляра Кабиева, Дамира Каирова және Наргиз Дананова шалқалап жатып денені көтеруден жақсы нәтиже көрсетті. Әскери-қолданбалы спорт түрлерінен жарыста Төлеубай Аманов атындағы орта мектептің, Николай Островский атындағы орта мектептің және Әлихан Бөкейхан атындағы орта мектептің командалары мықты шықты. Жеке жеңімпаздар да, жүлдегер командалар да мақтау грамоталарымен әрі медальдармен марапатталды.

   

 

Алуа ИСКАКОВА

Суретті түсірген автор

 

 

__Последние новости

  • Басты назарда

«Фараби әлемінің» жеңімпаздары

Бүгін, 10:27
Админ
  • Басты назарда

СЕМЕЙ САРБАЗДАРЫ ТАНКІГЕ ҚАРСЫ ТҰРДЫ

04/06/2025 - 16:23
  • Басты назарда

Әскери міндеттілер ант қабылдады

04/06/2025 - 10:22
  • Басты назарда

Ашық есік күні ұйымдастырылды

03/06/2025 - 16:21
  • Басты назарда

Дұрыс жүру – денсаулық кепілі

03/06/2025 - 10:20
  • Басты назарда

Ерекше сәттерімен есте қалған форум

02/06/2025 - 16:18
  • Басты назарда

Балаларды қорғау күніне арналды

02/06/2025 - 16:00
  • Басты назарда

Батыр атындағы көше барынша тазаланды

01/06/2025 - 10:13
  • Басты назарда

ИДЕЯНЫ ІСКЕ АСЫРУДА ІРКІЛІС БОЛМАЙДЫ

29/05/2025 - 16:08
  • Басты назарда

БАҒЫТ-БАҒДАРЫМЫЗ БАЯНДАЛДЫ

29/05/2025 - 09:06
  • Басты назарда

ЖҮРЕКТІ ЖЫЛЫТҚАН ЖҮЗДЕСУ

29/05/2025 - 09:03
  • Басты назарда

Батыр жауынгерлер ерлігіне тағзым

12/05/2025 - 10:03