Түсіндіру сабағы

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 10810 әскери бөлімінде «Нүктелі алдын алу әдістемесі» негізінде құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында түсіндіру сабағы болды.

Админ

   Оған барлық санаттағы әскери қызметшілер қатысты. Аягөз гарнизоны әскери полиция бөлімі алдын алу бөлімшесінің бастығы әділет капитаны Руслан Сүтжанов, Аягөз аудандық ауруханасының психологы Жадыра Ахметова, Аягөз орталық мешітінің бас имамы Нұржан Ешенғазинов және аудандық полиция бөлімінің майоры Берік Атантаев баяндама жасады. Олар  ішімдік пен есірткінің зардабы, психотропты заттарды заңсыз сақтау мен өткізу және жат ағымның әскери ортаға енуіне жол бермеу, отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу, көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзбау аясындағы заң талаптарын жеткізді. Әскерилер тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді. Жеке құрамның назарына құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған қысқа метражды бейнероликтер де көрсетілді.

   «Аягөз гарнизонында әскери қызметшілердің салауатты өмір салтын қалыптастыру мен құқықтық танымдарын жетілдіру мақсатында жоспарланған сабақ жоғарғы деңгейде өтті. Түсіндіру сабағының негізгі мақсаты – әскери қызметшілер арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу, әскери қызметтен жалтару,  құмар ойындардан аулақ болу, өзіне-өзі қол жұмсау мен психотроптық заттарды өткізу және заңсыз дайындау тақырыбында жалпы құқықтық негіздерді түсіндіру. Кездесу барысында жеке құрамға кез келген құқық бұзушылықтың салдары үлкен қылмысқа әкеліп соғатындығы жеткізілді», - деді әділет капитаны Руслан Сүтжанов.

 

 

Алуа Искакова

 

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02