Взводтардың жауынгерлік атысы

Жетісу гарнизоны Десанттық-шабуылдау әскерлеріне қарасты 18404 әскери бөлімінің «Жетісу» оқу полигонында взводтардың жауынгерлік атыс даярлығы өтті.

Админ

Сабақтың бірінші кезеңінде взвод командирлері жеке құрамға шартты қарсыластың барлау құралдарынан жасырынуын ескере отырып, атыс позицияларын таңдады. Атыс даярлығы далалық жағдайда жүргізілді.

Тактикалық іс-қимылдармен қаруды шебер қолдану және бөлімшелердің оқ атуын басқару, сонымен қатар қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау шаралары басты назарда болды. Практикалық іс-қимыл барысында әскери қызметшілер нормативтерді орындай отырып, ұрыс техникаларын жауынгерлік және жорықтық жағдайға келтіру дағдыларын жетілдірді.

– Оқу полигонында взводтардың жауынгерлік атысы өтуде. Мақсаты жеке құрамның жауынгерлік даярлықтарын арттыру болып табылады. Бұл жерде күндізгі және түнгі уақыттарда нысаналарды көздеп оқ атуды, сондай-ақ нақты жауынгерлік жағдайда дәлдеу тапсырмалары мен нормативтерін орындаудамыз, - дейді 18404 әскери бөлімінің сарбазы қатардағы Ерік Қапаров.

Сондай-ақ жеке құрам бөгде жерде ұрыс қимылдарын жүргізу сынды, өзара іс-қимылды ұйымдастыру, взводтың атысын басқару, ұрыс машиналарын қозғалыс кезіндегі ату шеберліктерін шыңдады.

 

Жетісу гарнизонының баспасөз қызметі

 

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02