Сарбаздар үй-жайы пайдалануға берілді

«Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының қолдауымен, 06708 әскери бөлімі басшылығының ұсынысымен сарбаздар үй-жайы күрделі жөндеуден өткен болатын. Осы ретте, сап түзеген жеке құрам алдында сарбаздар үй-жайының салтанатты ашылу рәсімі болып өтті.

Админ

Биік мінберден сөз сөйлеген «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы полковник Мақсұт Гусейнов: «Сарбаздарымыз үшін қолдан келгенше барлық жағдайды жасауға тырысудамыз. Заманауи құрылыс жоспарымен күрделі жөндеуден өткен сарбаздар үй-жайына қоныстануларыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Жан-жақты жағдайы жақсарған сарбаздың Отан алдындағы борышына адал болып, жауынгерлік даярлықты жоғары нәтижелі жетістіктерге жететіндігіне сенімдімін!», - деп жүрекжарды лебізін жеткізді. Іс-шара барысында қолбасшы Мақсұт Құрманалиұлы сарбаздар үй-жайының лентасын салтанатты түрде кесіп берді. Келесі кезекте Приозерск гарнизонының бастығы полковник Дидар Савельев, 06708 әскери бөлімінің командирі подполковник Дамир Шарипов, Балқаш аудандық пайдалану бөлімінің бастығы майор Жомарт Сабиров және Приозерск гарнизонындағы Қарулы Күштер ардагерлері ұжымының төрағасы Тілек Кенжебеков құттықтау сөз сөйлеп, сарбаздарға зор табыстар тіледі. «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы М.Қ. Гусейнов пен салтанатты жиын қонақтары әр қабатқа орналасқан сарбаздардың жатын орындарын көзбен көріп, олардың тұрмыстық қажеттілікке арналған бөлмелерімен танысты.                  

Думан Жұмашұлы

 

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02