Ауғанстан соғысына арналды

   Аягөз гарнизонының 10810 әскери бөлімінде Ауғанстан Демократиялық Республикасының аумағынан кеңес әскерінің шығарылғанына 36 жыл толуына арналған шара өтті.

Админ

   Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерге 10810 әскери бөлімінің кітапханашысы азаматтық персонал Айман Даханова Ауғанстан жеріндегі соғыс туралы ақпарат берді. Ауғанстанда интернационалистік борышын өтеген жауынгерлер соғыс жылдарын еске алды. Ұрыс қимылдары кезіндегі болған қиын жағдайлар жайында әңгімелеп берді. «Біздің елімізге тәуелсіздік оңай келген жоқ. Сондықтан ата-бабамыздан қалған кең байтақ қазақ даласын көздің қарашығындай қорғап, оны шексіз сүю – әр азаматтың міндеті әрі борышы», - деді ардагер Айтын Арқабаев.

   Сарбаздар естеліктерді мұқият тыңдап, сауалдарын да қойды. Ауған соғысының куәгерлері бөтен елде қаза тапқан әрбір жауынгердің ерен ерлігі мен өрлік ісі, бір-біріне деген бауырмалдығы мен жанкешті тағдыры – бүгінгі ұрпаққа үлгі-өнеге екенін баса айтты. Жастарды бейбіт өмірді сақтауға, түрлі арандатушылыққа бой алдырмауға, сондай-ақ, елімізді әркез қорғауға дайын болуға шақырды.

 

Алуа Искакова

 

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02