АРМИЯДАҒЫ АҚЫН БАЛА

Төртінші ата-ана – Шағуан Азатбек. Оның ұлы – Бергенбек Азатбекұлы. 2003 жылы дүниеге келген. 18 жасында әскерге аттаныпты. Бергенбектің бойында Құдайдың өзі берген қазақтың қасиетті өнері бар екен. Ол – айтыс өнері. Мектепте оқып жүрген кездің өзінде облыстық және республикалық оқушылар айтысында бас жүлдені алып жүрген.

Админ

Сондай-ақ, Абай, Махамбет және Мақатаев оқулары секілді сайыстарда да алдына жан салмаған. Оның осы бір дарыны әскерде де елеусіз қалмапты. Өткен жылдың желтоқсанында Бергенбек өзінің әскери антын барша жұрттың алдында мінбеде тұрып берген екен.

Бұл азамат әскерде де бойындағы биік рухын әсте жоғалтпапты. Журналистерге берген сұхбатында ол «Әскер өнерді өлтіреді» деген ел арасында жаңсақ пікір бар. Мен мұнымен келіспеймін. Қазір мұнда шабытыма шабыт қосып, рухтанып жүрмін», - деді. Сондай-ақ, әскерде жүргенде шығарған жаңа өлеңін бізге жақсылап өзі айтып берді:

 

Қаламымды айырбастап қаруға,

Бел байладым мен әскерге баруға.

Жалғыз ұлын Жаратқанға тапсырып,

Дұға тілеп, анам қалды ауылда.

 

Ақ батамен аттанған соң сапарға,

Ат терлетіп аман жеттім Отарға.

Адал қызмет етемін деп Отанға,

Ант бердім де, кеп қосылдым қатарға.

 

Мен сол сәтті шығармаймын есімнен,

О, туған жер, айналайын төсіңнен.

Әкем мені құл болсын деп туған жоқ,

Ұлтын сүйер ұл болсын деп өсірген.

 

Кірпік қақпай қорғап келем елімді,

Мына байтақ, туған дала жерімді.

Жан серігім – жалғыз қара домбырам,

Анда-санда ақтаратын шерімді.

__Последние новости

  • Басты назарда

КЕЛЕСІ ҚАДАМЫ – КЕЛІСІМШАРТ ҚЫЗМЕТІ

19/02/2025 - 11:41
Админ
  • Басты назарда

АРМИЯДАҒЫ АҚЫН БАЛА

18/02/2025 - 16:39
  • Басты назарда

ЗАМАНАУИ МАМАНДЫҚ ИЕСІ

18/02/2025 - 11:38
  • Басты назарда

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕРҒАЛИ

17/02/2025 - 16:36
  • Басты назарда

ШИРАҚ МІНЕЗДІ САРБАЗ

17/02/2025 - 11:35
  • Басты назарда

Қазіргі заманның «күш атасы»

13/02/2025 - 17:09
  • Басты назарда

Ерлік сабағы соғыс жылдарына арналды

11/02/2025 - 17:12
  • Басты назарда

Әскери тәртіпті нығайтуға бағытталды

11/02/2025 - 10:08
  • Басты назарда

Кезекті атыс жаттығуы

10/02/2025 - 16:07
  • Басты назарда

Қызмет жетекшілерінің басқосуы

09/02/2025 - 16:04