ШИРАҚ МІНЕЗДІ САРБАЗ

Ата-аналардың арасында алғашқы болып танысқанымыз – Айнагүл Тыныштықбайқызы Үсенбек. Оның ұлы кәмелет жасқа тола салып Отан алдындағы борышын өтеуге өз еркімен аттанған екен. Жас сарбаздың аты-жөні – Нұрасыл Сапаралиұлы Аширали.

Админ

Ол бала кезден өнерге жақын болып өскен. Елімізге танымал актриса, әнші Айгүл Иманбаеваның академиясында тәлім алыпты. Сондықтан болса керек, сырт адамдармен аралас-құраласқа ширақ екен. «Өз тірлігіне де бала кезден пысық болып өсті», - дейді анасы. Сол себепті, әскерге барамын дегенінде әсте уайымдай қоймаған. «Өз арбасын өзі сүйреп кете алатындығына» сенгендігінен болса керек, сірә. 

Гвадейск гарнизонына табан тірегенімізде Нұрасылмен біз де жолықтық. Астанада анасы сипаттағандай, шынында да ширақ екен. Қолында бір құшақ гүлі бар. Тура туған күнінде өзімен жүздесуге келген анасын меншікті мерекесімен құттықтап, құшақ гүлін ұсынды. Армияда алаңсыз жүргенін аңғартты. Біз де оған сәттілік тіледік.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02