Бітімгерлік – бейбіт елдің басты миссиясы

БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы бекіткен Халықаралық бітімгерлер күні 2002 жылдан бастап 29 мамырда аталып келеді. Елімізде бұл мереке алғаш рет 2019 жылдан бастау алды.

Админ

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап Қазақстан бейбітшілік, халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылық қағидаларына өзінің бейілділігін көрсетуде. Бітімгершілік үрдіске қатысу – бұл мемлекеттің ондаған жылдарға арналған сыртқы саяси стратегиясының мәні.

Қазақстанда бітімгерлік қызметтің тарихы 2000 жылы басталды. Ел Президентінің Жарлығымен қазақстандық бітімгерлік батальоны құрылды. Ал 2003 жылы қарқынды дайындықтан кейін «Қазбат» әскери қызметшілері АҚШ пен НАТО қолдауымен Ирактағы бітімгершілік операциясына («Иракқа бостандық» операциясына) кірісті.

2003-2008 жылдар аралығында миссияға барлығы 270-тен астам әскери қызметші қатысты. Қазақстанның бітімгерлері минасыздандыру, суды тазарту тапсырмаларын орындады.  Бес жыл ішінде жеке құрам алты айдан он рет алмасты.

Қазақстандық мамандар Иракта 4,5 миллионнан астам түрлі оқ-дәрілерді – миналарды, зымырандар мен снарядтарды жойып, 6718 текше метр су тазартты. Қазақстандық әскери дәрігерлер америкалық «Дельта» базасы медициналық тобының құрамында жұмыс атқарды. Олар негізінен террорлық шабуылдардан зардап шеккен жергілікті тұрғындарға медициналық көмек көрсетті.

2015 жылы «Қазақстан Республикасының бітімгерлік қызметі туралы» Заңы қабылданды. Бұл заң еліміздің Қарулы Күштері ұлттық контингентінің бітімгерлік операцияларға қатысуын реттеудегі мемлекеттің міндеттері мен құзыреттерін айқындайды.

2018 жылы Қазақстан мен Үндістан арасындағы қол қойылған меморандумға сәйкес қазақстандық бітімгерлер ротасы БҰҰ-ның Ливандағы миссиясына алғаш рет қатысты. Қазақстандық бітімгерлер Израильмен шекарада жергілікті жерді патрульдеу, бақылау бекеттерін ұйымдастыру, оқ атпауды бақылау міндеттерін атқарды.

Ливанда бесінші ротацияның бітімгерлік контингенті қызмет атқарды. Бұдан өзге, Батыс Сахарада әскери қызметшілер бақылаушы қызметінде болды.

2024 жылдың наурыз айында БҰҰ миссиясының жауапкершілік аймағында Голан биіктігінде орналасқан Фауар бітімгерлік базасында Қазақстанның бітімгерлік контингентіне ұйымның туын табыстаудың салтанатты рәсімі өтті.

Іс-шараға «БҰҰ-ның бөлінуді бақылау жөніндегі күштері» миссиясының басшысы генерал-лейтенант Курмал Нирмал және миссия құрамындағы бітімгерлік контингенттердің басшылары қатысты.

– Миссия қолбасшысының резерві болу үлкен мәртебе, - деп атап өтті генерал-лейтенант Курмал Нирмал қазақстандық әскери қызметшілерге арнаған сөзінде. – Сіздерге кәсіби біліктілік пен тиісті құзыреттілікті талап ететін ең жауапты міндет жүктеліп отыр. Қазақстандық бөлімше де Ирландияның бітімгерлік контингенті сияқты өзіне жүктелген миссияны лайықты деңгейде орындайтынына сенімдімін.

Ирландиялық бөлімшенің басшысы подполковник Оливер Клиар БҰҰ туын Қазақстан ұлттық контингентінің командирі подполковник Жігер Аиповқа салтанатты жағдайда тапсырды.

–  БҰҰ туын тапсырған сәттен бастап біздің бөлімше Голан биіктіктеріндегі миссияның толыққанды қатысушысы болды. Енді біз тапсырма бойынша жүктелген міндеттерді орындауға кірісеміз, - деп түсіндірді подполковник Жігер Аипов.

Бір жыл ішінде қазақстандық бітімгерлік контингент жергілікті жерді патрульдеумен, блокпосттарды күшейтумен және қарсылас тараптар арасындағы атысты тоқтату режимін қолдаумен айналысып, БҰҰ миссиясының мандатына сәйкес басқа да міндеттерді орындайтын болады.

Қазақстанның бітімгерлік қызметі халықаралық қоғамдастыққа қарулы қақтығыстардың алдын алуға және оларды тоқтатуға жәрдемдесуге арналған.

Бітімгерлер жұмысының негізгі қағидалары – заңдылықты, халықаралық құқық нормаларын, тепе-теңдік пен тыныштықты сақтау, жергілікті халықтың салт-дәстүрін құрметтеу.

 

__Последние новости

  • Басты назарда

КЕЛЕСІ ҚАДАМЫ – КЕЛІСІМШАРТ ҚЫЗМЕТІ

19/02/2025 - 11:41
Админ
  • Басты назарда

АРМИЯДАҒЫ АҚЫН БАЛА

18/02/2025 - 16:39
  • Басты назарда

ЗАМАНАУИ МАМАНДЫҚ ИЕСІ

18/02/2025 - 11:38
  • Басты назарда

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕРҒАЛИ

17/02/2025 - 16:36
  • Басты назарда

ШИРАҚ МІНЕЗДІ САРБАЗ

17/02/2025 - 11:35
  • Басты назарда

Қазіргі заманның «күш атасы»

13/02/2025 - 17:09
  • Басты назарда

Ерлік сабағы соғыс жылдарына арналды

11/02/2025 - 17:12
  • Басты назарда

Әскери тәртіпті нығайтуға бағытталды

11/02/2025 - 10:08
  • Басты назарда

Кезекті атыс жаттығуы

10/02/2025 - 16:07
  • Басты назарда

Қызмет жетекшілерінің басқосуы

09/02/2025 - 16:04