Қорғаныс министрі сарбазды Азиададағы жеңісімен құттықтады

Қазақстан Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов Армия орталық спорт клубының мерзімді қызметтегі қатардағы жауынгері Владислав Киреевті Харбинде өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарындағы жеңісімен құттықтады.

Админ

Қорғаныс ведомствосының басшысы телефон арқылы Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубы спортшыларының жетістіктеріне мақтанатынын айтты.

– Сенің жетістігің – тәртіптің, табандылық пен тынымсыз еңбектің спорттық аренада да, Отанға қызмет етуде де жеңіске жетудің кепілі екендігінің айқын дәлелі. Азиада алтынын алу – керемет нәтиже, дегенмен әр спортшының арманы – Олимпиада алтыны. Алда ол асуға да жетуіңе тілектеспін, – деді Қорғаныс министрі.

Министр осындай лайықты ұл, спортшы және Отан қорғаушы тәрбиелегені үшін Владислав Киреевтің ата-анасына да алғысын білдірді. 

Қорғаныс ведомствосының басшысы одан бөлек шаңғы жарысында қола медаль иеленген шаңғышы Олжас Климинді және биатлоннан үздік ондыққа іліккен әскерилерді, рейтингтің алтыншы және жетінші қатарында тұрған Қарулы күштердің қызметшілері – Әсет Дүйсенов пен Александр Мухинді де құттықтады.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19