Қазіргі заманның «күш атасы»

Қазақ даласы ежелден адуынды күшке ие батырларымен, балуандарымен танылған. Оған батырлардың ғажайып ерліктерін баяндаған  аңыз-әңгімелері дәлел.

Админ

Мәселен, өз заманының әнші, сазгері, жас кезінде бір қолының бас бармағы үсіп, содан «шолақ» атанған Балуан Шолақ (шын есімі Нұрмағамбет Баймырзаұлы 1864-1919 жж.), тайқазандай қара тасты көтерсе, өзіне мәңгі ескерткіш орнатқан Зайсан өңірінің тумасы Бұланбай балуан (1747-1845 жж.),  көшке ілесе алмай қалған түйені мойнына салып көтерген, жылқының кісендерін бытырлатып үзген, он алты жасында Меккеге қажылыққа барған Алтай өңірінің балуаны Қазақбай қажы  (ХХғ.), күрес өнерін ермек еткен, арысқа түсіп күрескен арғы атасы Ырғызбай, өз әкесі Құнанбай, ұлы Абай ақынның ерке інісі Оспан балуан (1852-1891ж.) – қазақ тарихындағы алпауыт күш иелері болған балуандар.

Ал, тұтас бір ғұмырын күрес өнеріне арнап, өзінен бұрынғылар баспаған өзге топырақты басып, шет елді мойындатқан, қазақтан алғаш болып алтын, күміс жүлделерді мойнына ілген, қазақ тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан, цирк әртісі, қарсыластары «Қызыл бетперде», «Муханура», «Қара Иван», «Ямагата», «Қара Мұстафа» сияқты лақап аттар қойған, қазағы «Қажымұқан» деп атаған – Қажы Мұқан Мұңайтпасұлының есімі бір биік тауға татыр.  Орасан  қара күш иесі  шойыннан құйылған гір көтеру өнерімен де танылған екен. Ал, бүгінде тәуелсіз елімізде Гір көтеру спортын, Қажымұқан Мұңайтпасұлының жолын қуған, оның қазіргі күндегі ізбасарлары жоқ емес! Солардың бірі – гір спорты бойынша әлемдік деңгейдегі спортшы, бапкер Серік Нұрғалиұлы Абдахиннің есімі қазақ еліне кең тараған.

Спортшы Серік Абдахин бұрынғы Целиноград облысы, Алексеевка ауданында 1964 жылы 3 маусымда туған. Әкесі Нұрғали Ұлы Отан соғысының ардагері болса,  анасы  Мүгілсім ағамыз небәрі 4 жасында болғанда дүниеден озып кеткен екен. Отбасында 1946 жылғы үлкен Сақыпжамал әпкесімен бірге өскен. Мектепте оқыған кезінде баскетбол спортымен айналысқан.  1982-1984 жылы Кеңес әскерлер қатарында Петропавловск-Камчатскийде 125 Зымыран кешенінде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген кезде гір спортымен айналыса бастайды. 2 жылда дивизион, бригада, Қиыр Шығыс әскери округтарының жарыстарына қатысып, жүлделі орындар алған. Одан кейін 1985-1987 жылдары Целиноград Кеңшар техникумында, 1987-1992 жылдары Целиноград Ауылшаруашылық институтында оқып, ары қарай гір көтеру спортымен айналысуын тоқтатпайды. Институттағы кәсіпқой алғашқы жаттықтырушысы – Целиноград Ауылшаруашылық институтының дене шынықтыру кафедрасының аға оқытушысы Петров Иван Филиппович. Бүгін  1998-2017 жж. ҚР  ересектер арасында 13 рет, 2007-2021жж.  ҚР ардагерлері арасында 21 рет дүркін чемпионы, 2008 жылы Германиядағы Гамбургте өткен ересектер арасындағы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2009 жылы Эстония елінде Таллинде өткен Әлем чемпионатының қола жүлдегері, 2004-2021 жылдары ардагерлер арасында Әлем чемпионатының 21  рет дүркін чемпионы, жоғары дәрежедегі санатты бапкер, халықаралық деңгейдегі төреші, ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушысы, көптеген мемлекеттік наградалардың иегері. Бүгінге дейін Серік Абдахин – Халықаралық дәрежедегі спорт шебері,  атағы жер жарған әлемді мойындатқан Гір көтеру спортының шебері әрі кәсіпқой бапкер.  Бапкер халықаралық дәрежедегі  18 спорт шеберін, ҚР 45 спорт шеберін, 5 Әлем чемпионын, 10 Ересек және жастар арасындағы Әлем чемпионын, 35 ересек және жастар, жасөспірімдер арасындағы ҚР чемпионын, 10 Жастар және жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионын, 6 Жастар және жасөспірімдер арасындағы Азия чемпиондарын, 5 студенттер арасындағы Әлем чемпиондарын, 7 студенттер арасындағы Әлем чемпионатының жүлдегерлерін дайындаған шебер бапкер.

2012 жылдан бастап Серік Нұрғалиұлы бүгінгі Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы, Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжде Гір көтеру спортының нұсқаушы-жаттықтырушысы болып қызмет етіп келеді. Бапкердің жаттықтырушылық шеберлігінде шек жоқ. Әскери білім ордасында қызмет еткен уақытында, 4 спорт шеберін, 14 спорт шеберінің кандидатын, 1 разрядта 20 ұланды баптап шығарды. Солардың ішінде ҚР Қарулы Күштер қатарында Гір көтеру спортын жандандырып жүрген Дмитрий Хальзов, Утесейтов Роман, Балтабай Әсет және т.б. түлектер – Серік Нұрғалиұлының шәкірттері. Күні кеше ғана 31 қаңтар - 2 ақпанда Астана қаласында өткен Гір көтеруден жастар арасындағы қалалық чемпионатта Әскери колледжіміздің ұландары 1 оқу ротасы 2 оқу взводының ұланы Аскариев Алинур ұзын айналым серпе көтеруден 2 орын, серпе көтеруден  2 орын, жұлқи көтеруден 2 орын, 1 оқу ротасы 1 оқу взводының ұланы Өмірзақ Дарын ұзын айналым серпе көтеруден 3 орын, серпе көтеруден  1 орын, жұлқи көтеруден 2 орын, 1 оқу  рота 1 оқу  взводының  ұланы Мацуков Савелий 3 түрлі гір көтеруден 3 орындарды қанжығасына байлап, гір спортынан жастар арасындағы Қазақстан чемпионатының іріктеуінен өтіп, жолдама ұтып алды. Енді осы жүлдегер ұландар 28 ақпан - 2 наурыз аралығында өтетін ұзын айналым серпе көтеруден  жастар арасындағы Қазақстан чемпионатына және 31 наурыз - 2 сәуірде өтетін серпе көтеруден жастар арасында Қазақстан чемпионатына қатысады. Бір ескертетіні, бұл ұландардың барлығы Әскери колледжге биылғы жылы түскен және гір көтерумен айналысқандарына бір жыл да болмаған. Қысқа уақыттың ішінде осындай ориентир шыңдарды бағындырып, жоғары дәреже көрсеткен ұландарымызды құттықтаймыз!  Өз арасында ұландар Серік Нұрғалиұлын «күш атасы» деп атап жүрген екен. Қазіргі заманның «күш атасы», еңбекқор бапкер, кәсіпқой спортшы, дүйім әлемді дарынымен мойындатқан орасан күш иегері Серік Нұрғалиұлы Абдахиннің талай шәкірттері әлем бойынша байрақты бәсекелерге қатысып, көк туымызды желбірете берсін!

Альмира Жабаева,

Армия генералы С.Нұрмағамбетов атындағы әскери колледждің

Тәрбие және идеологиялық жұмыстар бөлімінің бас маманы

__Последние новости

  • Басты назарда

КЕЛЕСІ ҚАДАМЫ – КЕЛІСІМШАРТ ҚЫЗМЕТІ

19/02/2025 - 11:41
Админ
  • Басты назарда

АРМИЯДАҒЫ АҚЫН БАЛА

18/02/2025 - 16:39
  • Басты назарда

ЗАМАНАУИ МАМАНДЫҚ ИЕСІ

18/02/2025 - 11:38
  • Басты назарда

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕРҒАЛИ

17/02/2025 - 16:36
  • Басты назарда

ШИРАҚ МІНЕЗДІ САРБАЗ

17/02/2025 - 11:35
  • Басты назарда

Қазіргі заманның «күш атасы»

13/02/2025 - 17:09
  • Басты назарда

Ерлік сабағы соғыс жылдарына арналды

11/02/2025 - 17:12
  • Басты назарда

Әскери тәртіпті нығайтуға бағытталды

11/02/2025 - 10:08
  • Басты назарда

Кезекті атыс жаттығуы

10/02/2025 - 16:07
  • Басты назарда

Қызмет жетекшілерінің басқосуы

09/02/2025 - 16:04