«Үздік командир» әскери-патриоттық байқауы

Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орай Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде мектепаралық «Үздік командир» атты әскери-патриоттық байқау өтті. 

Админ

Байқауға осы іс-шараны ұйымдастырушы мектеппен Талдықорған дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» мамандандырылған лицей-интернатының оқушы командирлері қатысты. Байқау үш кезең бойынша өткізілді: «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» - сұрақтарға-жауап, «Автоматты жартылай бөлшектеу және жинау реті», «Күш атасын танымас» - кеудені жерден көтеру (отжимание, қыздарға пресс).

 «Үздік командир» байқауына қатысушыларға әділ баға беріп, олардың көрсеткіштерін бағалаған әділқазылар алқасында 54380 әскери бөлімнің сержанты 2-сыныпты сержант Қайрат Аубакиров және Жетісу гарнизоны баспасөз қызметінің сержанты аға сержант Еламан Сайлауов болды.

 Байқаудың қорытындысы бойынша:

«Үздік командир – 2025»  атығына «Bilim - Innovation» лицейінің жоғары сынып оқушысы Умар Айдос ие болса, 1-орынды Назарбаев Зияткерлік мектебінің жоғары сынып оқушысы Алиева Аяулым алды, 2-орынды Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Құрақбай Мырзабек иемденсе, 3-орынды Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Ермуханбетов Амир мен «Bilim - Innovation» лицейінің оқушысы Мырзабек Ұлан бөлісті.

  Байқауға қатысушы және «Үздік командир – 2025» атағына ие болған оқушы мен жүлделі орын алған оқушылар сыйлық сертификаттарымен және мектеп директорының дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

 

 

Айбат Қуанышбаев

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19