Ерлік сабағы соғыс жылдарына арналды

Приозерск гарнизонындағы Қарулы Күштер ардагерлері ұжымының төрағасы Тілек Кенжебековтың ұйымдастыруымен Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қалалық білім бөлімінің «№1 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Ұлы Отан соғысындағы (1941-1945 жж.) Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында ерлік сабағы болып өтті.

Админ

«Соғыс жылдарындағы Қазақстан және қазақстандық жауынгерлердің ерліктері» тақырыбындағы ерлік сабағын 10 «ә» сыныбының жетекшісі Гүлназ Жантасова ашып берді. Алдымен заманауи интерактивтік тақта арқылы Қазақстанның Ұлы Отан соғысындағы қосқан үлесі мен қазақстандық жауынгерлердің майдан даласындағы ерлік жолына арналған деректі фильм көрсетілді. Іс-шара барысында Приозерск гарнизонындағы Қарулы Күштер ардагерлері ұжымының төрағасы Тілек Кенжебеков пен 18405 әскери бөлімі командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары подполковник Ғалымжан Жаншураев оқушыларға қазақстандық жауынгерлердің Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қаһармандық ерліктерін баяндап берді.

Мектеп оқушыларының алдында сөз алған сарбаз қатардағы жауынгер Асрор Юлдашов Ұлы Отан соғысынан қатысқан қазақстандық жауынгерлердің өмірі мен ерлік жолдарынан үлгі алатынын зор мақтанышпен тебірене жеткізді.

 

Думан Жұмашұлы

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02