Әскери тәртіпті нығайтуға бағытталды

Абай гарнизонындағы 44736 және 44793 әскери бөлімдерінің әскери қызметшілеріне ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлері Бас қолбасшысының әскери ұжымдардағы әскери тәртіпті күшейту жөніндегі үндеуі жеткізілді.

Админ

Құрлық әскерлері Бас қолбасшысының тапсырмасын жеке құрамға ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің Бас қолбасшысы басқармасының артиллерия және зымыран әскерлері бас басқармасы жауынгерлік дайындық басқармасының бағыттаушы аға офицері подполковник Фархат Советханұлы Джапыев түсіндірді. Ол әскери тәртіп пен құқық тәртібінің сақталуына ерекше назар аударды. Әсіресе, әскери бөлімді өз еркімен тастап кету, жалпыәскери жарғыдан тыс қарым-қатынас, қызметтік лауазымды пайдалану – әскери тәртіпті бұзушылықтың басты көзі екенін айтты. Әскери қызметтің  жауапкершілігіне тоқталды. Қоғамдағы алаяқтық, әлеуметтік желілердегі әскерге қатысты негативті көзқарас пен пікірлер әскери қызметтің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етуге кері әсерін тигізіп отырғанын да тілге тиек етті.

   Подполковник Фархат Джапыевтың айтуынша, ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлері Бас қолбасшысының әскери ұжымдардағы әскери тәртіпті күшейту жөніндегі үндеуін түсіндіру жұмысы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының барлық гарнизондарында ұйымдастырылды. ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлеріне қарасты әскери бөлімдердің жеке құрамдарына жеткізу үшін барлығы 5 топ жұмыс жасады. 

 

Алуа Искакова

__Последние новости

  • Басты назарда

КЕЛЕСІ ҚАДАМЫ – КЕЛІСІМШАРТ ҚЫЗМЕТІ

19/02/2025 - 11:41
Админ
  • Басты назарда

АРМИЯДАҒЫ АҚЫН БАЛА

18/02/2025 - 16:39
  • Басты назарда

ЗАМАНАУИ МАМАНДЫҚ ИЕСІ

18/02/2025 - 11:38
  • Басты назарда

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕРҒАЛИ

17/02/2025 - 16:36
  • Басты назарда

ШИРАҚ МІНЕЗДІ САРБАЗ

17/02/2025 - 11:35
  • Басты назарда

Қазіргі заманның «күш атасы»

13/02/2025 - 17:09
  • Басты назарда

Ерлік сабағы соғыс жылдарына арналды

11/02/2025 - 17:12
  • Басты назарда

Әскери тәртіпті нығайтуға бағытталды

11/02/2025 - 10:08
  • Басты назарда

Кезекті атыс жаттығуы

10/02/2025 - 16:07
  • Басты назарда

Қызмет жетекшілерінің басқосуы

09/02/2025 - 16:04