Кезекті атыс жаттығуы

Приозерск гарнизонында орналасқан Әуе қорғанысы күштерінің 44841 әскери бөлімінің жас сарбаздары кезекті жауынгерлік жоспарға сәйкес  атыс жаттығуын  тапсырды. Алдымен, сабақ жетекшілері жеке құрамды оқ атудағы барлық пәрмендi бiлуі, атысты дер кезінде орындауы және атыс кезiндегi өздеріне бекітілген атыс қаруының қауіпсіздігі ережелерін сақтау жөніндегі нұсқаулықтармен таныстырды.

Админ

     Қауіпсіздік ережелерінен кейін жеке құрам автоматтан оқ атуды орындады.
   Жеке құрам нысананы көздеп, атыс жаттығуларын пысықтады. Жаттығу барысында әскери қызметшілер жауынгерлік даярлықтағы өздерінің біліктіліктерін анық байқатты.
   Жеке құрам арасынан нысанаға дәл тигізуден жоғары ұпай жинап, үздіктер қатарынан көрінгендер де бар.
    Олар жас сарбаз Штанке Виктор 42 ұпай және Святоха Ерик 42 ұпай жинап, жеке құрам алдында  өз  шеберліктерімен көзге түсті.
    Жауынгерлік оқ ату жаттығулары жеке құрамның атыс дайындығын жетілдіріп қана қоймай, оқ ату даярлығын шыңдайды.
    Жеке құрамның атыс дайындығы сабағын 44841 әскери бөлімі командирінің жауынгерлік дайындық бойынша орынбасары подполковник Ван Михаил Сергеевич өзі бақылады.
    Әскери ортадағы әрбір сарбаздың жауынгерлік даярлықтағы көрсетіп жүрген жетістіктері күннен күнге артып келеді.
   Олардың атыс дайындығындағы жоғары деңгейдегі көрсеткіштері жаттығулардың нәтижелері деп білеміз.
Жеке құрам осымен тоқтап қалмай, жауынгерлік даярлық көрсеткіштерін одан әрі жақсарта беретініне сенімдімін, - деді әскери қызметшілердің атыс дайындығы сабағындағы көрсеткіштеріне жоғары баға берген 44841 әскери бөлімі командирінің жауынгерлік дайындық бойынша орынбасары подполковник Ван Михаил.

Думан Жұмашұлы

 

__Последние новости

  • Басты назарда

Батыр жауынгерлер ерлігіне тағзым

12/05/2025 - 10:03
Админ
  • Басты назарда

Запасқа шықты сарбаздар

05/05/2025 - 18:22
  • Басты назарда

Жас сарбаздар қатары

05/05/2025 - 14:19
  • Басты назарда

Далалық лагердегі дайындық

01/05/2025 - 13:57
  • Басты назарда

Жеңіс мерекесіне арналған турнир

30/04/2025 - 11:54
  • Басты назарда

Сөнбейді әке, шырағың!

30/04/2025 - 11:51
  • Басты назарда

Жеңіс жолын жалғастырушы

28/04/2025 - 13:50
  • Басты назарда

Ұлы Жеңіске арнау

28/04/2025 - 11:53
  • Басты назарда

Үстел ойынының жеңімпазы

28/04/2025 - 10:48
  • Басты назарда

Ұлық мерекеге арналды

27/04/2025 - 15:42
  • Басты назарда

Мен атаммен мақтанамын!

27/04/2025 - 11:52