Қазақстан - Ұлы Отан соғысы жылдарында

Приозерск гарнизонындағы Қарулы Күштер ардагерлері ұжымының төрағасы Тілек Кенжебековтың ұйымдастыруымен Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қалалық білім бөлімінің "N1 жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде, Ұлы Отан соғысындағы (1941-1945 ж.ж.) Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында ерлік сабағы болып өтті.

Админ

"Соғыс жылдарындағы Қазақстан және қазақстандық жауынгерлердің ерліктері" тақырыбындағы ерлік сабағын 10 "ә" сыныбының жетекшісі Гүлназ Джантасова ашып берді.

Алдымен заманауи интерактивтік тақта арқылы Қазақстанның Ұлы Отан соғысындағы қосқан үлесі мен қазақстандық жауынгерлердің майдан даласындағы ерлік жолына арналған деректі фильм көрсетілді. Іс-шара барысында Приозерск гарнизонындағы Қарулы Күштер ардагерлері ұжымының төрағасы Тілек Кенжебеков пен 18405 әскери бөлімі командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары подполковник Ғалымжан Жаншураев оқушыларға қазақстандық жауынгерлердің Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қаһармандық ерліктерін баяндап берді.

Мектеп оқушыларының алдында сөз алған сарбаз қатардағы жауынгер Асрор Юлдашов Ұлы Отан соғысынан қатысқан қазақстандық жауынгерлердің өмірі мен ерлік жолдарынан үлгі алатынын зор мақтанышпен тебірене жеткізді.

__Последние новости

  • Басты назарда

«Айбын-2025» жиыны басталды

25/06/2025 - 11:02
  • Басты назарда

АЙБЫН-2025» ЖИЫНЫНА БІРІНШІ БОП ЖЕТТІ

21/06/2025 - 09:33
  • Басты назарда

15 сарбаз ант қабылдады

20/06/2025 - 10:41
  • Басты назарда

АСПАН ӘЛЕМІНІҢ ТАРЛАНДАРЫ

19/06/2025 - 10:02
  • Басты назарда

Антыңа адал бол, жас сарбаз!

16/06/2025 - 14:41
  • Басты назарда

ӘСКЕРИ ТЕХНИКАНЫҢ ШЕБЕР МАМАНЫ

14/06/2025 - 10:52
  • Басты назарда

Бірлестіктің төрағасы сайланды

11/06/2025 - 07:48
  • Басты назарда

ЖЫР-ТАРТУ: ТӘУЕЛСІЗДІК – ТҰҒЫРЫМ

08/06/2025 - 15:28