Әскери бөлімнің құрылған күні атап өтілді

Абай гарнизонында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 54770 әскери бөлімінің құрылған күніне арналған салтанатты жиын өтті. Ұлттық әскери-патриоттық орталық Семей филиалында ұйымдастырылған мерекелік концертке «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлер қолбасшысының орынбасары полковник Дархан Ажибаев, гарнизонның әскери бөлімдерінің командирлері, Қарулы Күштердің ардагерлері, әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері қатысты.

Админ

         Әскери бөлімнің 52 жылдығына арналған салтанатты жиын сахна төріне Жауынгерлік туды алып шығудан басталды. Кейін әскери оркестрдің орындауында Мемлекеттік әнұран шырқалды. Ал «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлер қолбасшысының орынбасары полковник Дархан Ажибаев пен бөлім командирі, подполковник Қанат Тәңірбергенов жиналғандардың барлығын айтулы мерекемен құттықтады.

         Кеш барасында өздеріне жүктелген міндеттерді мінсіз орындап, көрсеткен еңбектері үшін ерекше көзге түскен әскери қызметшілер марапатталды. Сәйкесінше «үздік» деп танылған бірқатар офицерлер, сержанттар мен сарбаздар алғыс хаттармен және құттықтау грамоталарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

         «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлер қолбасшысының орынбасары полковник Дархан Ажибаев әскери бөлім қызметшілеріне ризашылығын білдіріп, олардың қиын істеріне сәттілік тіледі. Іс-шара барысында сахна төріндегі экраннан әскери бөлімнің жетістіктері туралы бейнефильм көрсетілді. Айта кетейік, қазіргі уақытта әскери бөлім жауынгерлік дайындықтан өзге ел аумағында орын алатын әртүрлі апаттарда аянбай еңбек етіп келеді. Атап айтқанда, әр жылдары орын алған орман өрттері мен елдімекендерді су басу жағдайларына белсенді түрде қатысуда.

         Мерекелік кеш көрермендерге ұмытылмас сәттер сыйлап қана қоймай, әскери қызметшілер мен олардың отбасыларының рухын көтергені анық.

 

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Антыңа адал бол, жас сарбаз!

23/12/2025 - 16:30
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ БАҒЫТТАҒАН БАСЫЛЫМ

23/12/2025 - 15:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН ҚҰРДАС

22/12/2025 - 21:24
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРДІҢ ТӘРБИЕЛІК ҚҰРАЛЫ

21/12/2025 - 21:20
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАСПАСӨЗ ТАРИХТА ҚАЛАДЫ

20/12/2025 - 10:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Аталар сөзі – өсиет

19/12/2025 - 13:16
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл

18/12/2025 - 11:12
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға адал қызметтің үлгісі

17/12/2025 - 15:06
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ МҰРАТЫ

16/12/2025 - 09:01
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30