ЖАНЫҢДА ЖҮР ЖАҚСЫ АДАМ

Шымкенттен жолға шығатын күні Кенжебаев Талғат, Умарбеков Сәкен, Жайсанбаев Бақыт сынды азаматтармен түскі асқа бардық. Бәрі де өз деңгейіне жеткен жігіттер, лайықты офицерлер. Әдеттегідей, бүгінгі әскер мен Қарулы Күштер ардагерлерінің жайы әңгімеміздің басты тақырыбына айналған.

Админ

Жұмысқа жақынырақ жерде орналасқан шағын дәмханаға кіріп, ас мәзіріне тапсырыс беріп болып, әңгімені өрбіттік. Бір кезде көрші үстелде отырған төрт адамның біреуі бізге келіп сәлем берді:

Ассалаумағалейкүм, ағалар! Кешірім сұраймын, сіздермен амандассам бола ма?

Әрине, болады, - дестік біз.

Рахмет, рахмет. Бәріңізге де астарыңыз дәмді болсын!

Бұдан кейін бейтаныс жігіт қасымызда отырған Талғат Болатұлына бұрылып, ол кісінің қолын қайтара алып:

  Полковник мырза, сізге ерекше сәлем беремін! Мен сізді жақсы танып тұрмын, офицерлік қызметіңізге, істеген еңбегіңізге тәнтімін. Сізді әрдайым құрмет тұтамын. Сіз Қазақстан әскери авиациясының еңбек сіңірген ұшқышы, еңбегі зор мамансыз! Сізге көп қызығатынмын, ұшқыш болуды армандайтынмын.

Бауырым, ізгі тілектеріңе көп рахмет. Менің есіме түсіріп жіберші, екеуміз қайдан таныспыз? - деді бейтаныс адамды танымаған Тәкең.

Полковник мырза, мен де сол саланың офицерімін. Бірақ сіз сияқты нағыз ұшқыш емеспін. Сіз жасыңызбен де, ісіңізбен де ағасыз. Аман болыңыз, жақсылықта кездесіп тұрайық. Сізді танып тұрғасын орнымда отыра алмадым. Сәлем беруге келдім, құрмет тұтқасын қолыңызды алуға келдім...

Марат, Сәкен, Бақыт атты үш офицер түскі ас ішуге келген жерімізде осынау тамаша көрініске куәгер болып, екі толқын өкілінің тамаша кездесуіне қызыға қарадық. Қасымызда жүрген досымыздың қарапайымдылығына тағы да тәнті болдық. Ал ол көк жүзінде қалықтаған «кемелердің» құлағында ойнаған хас маман, кешегі ұшқыш, бүгінгі әскери ұстаз полковник Талғат Кенжебаев.

 

          

Марат ЖҮНІС-БЕК

 

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Антыңа адал бол, жас сарбаз!

23/12/2025 - 16:30
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ БАҒЫТТАҒАН БАСЫЛЫМ

23/12/2025 - 15:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН ҚҰРДАС

22/12/2025 - 21:24
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРДІҢ ТӘРБИЕЛІК ҚҰРАЛЫ

21/12/2025 - 21:20
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАСПАСӨЗ ТАРИХТА ҚАЛАДЫ

20/12/2025 - 10:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Аталар сөзі – өсиет

19/12/2025 - 13:16
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл

18/12/2025 - 11:12
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға адал қызметтің үлгісі

17/12/2025 - 15:06
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ МҰРАТЫ

16/12/2025 - 09:01
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30