Ұстаз еңбегі – ұлы еңбек

Асылы, қазақ халқы қашанда  ұлағатты  ұстаздар қауымын ерекше құрметтеген. «Алты Алаштың игі жақсысы бас қосса, төрдегі орын – ұстаздікі» деп әйгілі ақын Мағжан Жұмабаев айтып кеткендей, қай қоғамда болса да, ұстаз мәртебесі ең жоғарғы деңгейде болуы қажет. Өз шәкірттері үшін саналы ғұмырын сарп еткен, тәжірибесі мен  ғибраты мол, талапшыл болса да әділ, берген білімі мен қамқорлығы саф алтынға теңессіз, үлкен жүректі ұстазымыз Қожақова Зәмзәмкүл Қалиқызын Астана қаласындағы Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы, Армия  генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы республикалық «Жас ұлан» мектебін тәмамдаған әр ұлан жылы естеліктермен жиі еске алады деп ойлаймын.

Админ

Тарихқа бір сәт үңіліп, 1991 жылы  тәуелсіздік алған соң,  ең алғашқы  Қазақстан Республикасының тұңғыш  Қорғаныс министрі, Армия  генералы Сағадат Нұрмағамбетов және оның ізбасарлары еліміздің қорғанысын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру мен қалыптастыру және сапалы әскери мамандарды даярлауға ерекше ден қойды. Елімізде болашақ жастардан саналы түрде әскери мамандар даярлау мәселесі де сол уақытта туды. 1999 жылдың 4 қарашасында  елордада Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы республикалық «Жас ұлан» мектебінің тұсауы кесілді. Зәмзәмкүл Қалиқызы 1999 жылдың 5 қарашасында Астана қаласы, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, Армия  генералы С.Қ.Нұрамағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық  мектебіне оқу бөлімінің алғашында инспектор-әдіскер болып жұмысқа орналасады. Осылайша,  «Жас ұлан»  мектебінің құрылу жолында ең алғаш оның іргетасында тұрып, жалпы білім беру циклін 22 жыл бойы басқарып,  мектептің ал бүгінде колледжде үздіксіз 25 жылдан көп еңбек етіп,  оның озық  республикалық әскери білім ордасына айналуына орасан зор үлес қосады.

      Зәмзәмкүл апайымыз 1961 жылдың 28 қыркүйегінде  Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Еркіншілік ауылында алтын құрсақты Ермек анамыздан көпбалалы отбасыда дүниеге келген. Отбасыдағы 11 баланың ішінде  жетіншісі.  Зәмзәмкүл деген ерекше есімді үлкен әпкесі Сәуленің құрбысы  берген екен. Туған ауылы Павловка мектебінде білім алып жүргенде математика пәнінің мұғалімі Белобородова Валентина Николаевнаны үлгі тұтып, оған тәнті болған жас қыздың жүрегіне ұстаз болу арманы ұялайды. Осылайша, 1979 жылы С.Сейфуллин атындағы Целиноград мемлекеттік педагогика институтына математика мамандығы  бойынша  оқуға түсіп, 1984 жылы жоғарғы аталған институттың толық курсын математика мамандығы бойынша бітіріп шықты. Еңбек жолын туған ауылы Акмола облысы, Ерейментау ауданы, Павловка орта мектебінде математика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеуден бастайды. 1989-1999 жылдары Целиноградтағы теміржол медициналық училищесінде  математика пәнінен сабақ берді. 1999 жылдан бүгінгі күнге дейін осы оқу орнында ұландарға сабақ беріп келеді.

      Зәмзәмгүл Қалиқызы әскери мектепте ширек ғасырдан көп еңбек етіп, оқу ісінің меңгерушісі қызметін атқара отырып, шығармашылық педагогикалық ұжым құрды, сондай-ақ осы мектептің тәрбиеленушілері қалалық, республикалық, халықаралық олимпиадаларда жоғары нәтижелер көрсетті. Ал, оқушылары  ұлан Сикумбаев Касым «Сардар» республикалық кешенді олимпиадасында  І  дәрежелі дипломмен  (2015 ж.),  ұлан Данияров Дамир ІІ дәрежелі дипломмен (2019ж.) марапатталған.

     Зәмзәмгүл Қалиевна – көп жылғы еңбегі бағаланған, түрлі марапаттауларға ие болған ұстаз. 2010 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен, 2012 жылы «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне – 20 жыл» медалімен, 2014 жылы «Жас ұланның 15 жылдығы» мерейтойлық төсбелгісімен, 2017 жылы «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне – 25 жыл» медалімен, 2018 жылы «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде командирлердің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасарлары институтының құрылғанына – 25 жыл» мерейтойлық белгісімен, 2018 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасымен», 2023-2024 жылдары Қазақстан Респуликасы Қорғаныс министрлігінің грамоталарымен марапатталған. 2024 жылы «Қазақстан Республикасының Құрметті қайраткері» республикалық байқауына қатысып, «ҚР Құрметті қайраткері» төсбелгісімен және статуэткасымен, I дәрежелі дипломмен марапатталды.

       25 жылдық тарихы бар әскери білім ордасын 8 басшы басқарыпты, олардың әрқайсысы – өзіндік елеулі еңбегі бар биік тұлғалар! Ал, бүгінде әскери колледжді  әскери білім мен ғылым беру саласында үздіксіз қажырлы қызмет етіп келген  полковник Төлеушев Ғазиз Әуесханұлы басқарып отыр. Зәмзәмкүл Қалиқызы білім нәрін беріп келген республикалық әскери білім мекемесінде бүгінгі білім беру жүйесі туралы үлкен мақтанышпен сөз қозғады: «Әскери колледждің әскери мамандары мен мұғалімдері  – нағыз өз ісінің шеберлері. Әр ротаға, әр взводқа (сыныпқа) тағайындалған әскери кураторлар ұландар мен кадеттерге әскери жарғылардың ережелері мен талаптарын бойларына сіңірсе, әскери мамандар өз сабақтарында кәсіби мамандықтардың қыр-сырын игертеді, сонымен қатар мектеп бағдарламасын жан-жақты ұстаздар қауымы меңгертіп отыр».

        Ұстаз еңбегі – ұлы еңбек! «Әскери тұлға болам» деген арманын жетелеп, үйінен жыраққа кетіп, әскери өмірге қадам басқан жас жеткіншектердің, ал бүгінде ұландар мен кадеттердің жүрегінен ізгілік тамшысын таба білген, нұрын шашқан Қожақова Зәмзәмкүл Қалиқызының еңбегі әсте ерекше! Ардақты ұстаз генерал С.Нұрмағамбетов атындағы республикалық «Жас ұлан» мектебінің ең алғашқы 2002 жылғы түлектерін ешқашан ұмытпайды. Содан бері 20-дан көп түлектер легі осы мекеменің түлектері атанып, Қазақстан Республикасының түрлі аймақтарында әскери қызмет атқарып жүр. Әсіресе, ұстаз білім ордасының түлегі «Алтын белгі» иегері атанған Сейсенов Талғат, үздік түлектері Оспанов Әділет, Рудич Александр, Кадыров Нұртас, Нұрболат Жасұлан, Қадырбек Дінмұхамед, Оразбекұлы Ерлан, Азықанов Мақсат, Лукманов Ануар, Нахов Арсен, Жұмабай Нұрбол, Серік Дамир  сияқты ұландар мен кадеттерді ерекше атап өтті. Тәжірибесі мол, кәсіби деңгейде өз қызметін атқара білген, техникалық әрі кәсіби білім беретін, озық технологияларды игерген мамандарымен мақтана алатын Отанымыздың бірден-бір әскери білім ордасы әлі де талай үздік түлектерді ұшырары анық! Көрнекті қолбасшы, дара, дана тұлға Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің рухы қолдап, оның салған сара жолы текке кетпей, үміті ақталып, әскери колледжді тәмамдаған әрбір кадет  Отанымызға адал еңбек етіп, жоғары кәсіби деңгей мен білімін, біліктілігін көрсетіп, соның арқасында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мықты қалқанын өз қолдарымен тұрғызары хақ!

 

__Последние новости

  • Басты назарда

ЖАНЫҢДА ЖҮР ЖАҚСЫ АДАМ

Бүгін, 15:14
Админ
  • Басты назарда

Ұстаз еңбегі – ұлы еңбек

Бүгін, 10:12
  • Басты назарда

Жеңіс үшін алғыс айтты

Кеше, 11:06
  • Басты назарда

МҰХАМЕДҚҰЛДЫ МҰҚЫМ ЕЛ ҰЛЫҚТАУЫ ТИІС

03/02/2025 - 10:02
  • Басты назарда

«Ленинградтық өренім!» көрмесі ашылды

02/02/2025 - 17:00
  • Басты назарда

Ұшқышсыз ұшу аппараттары

01/02/2025 - 10:11
  • Басты назарда

ЦИФРЛАНДЫРУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

31/01/2025 - 10:14
  • Басты назарда

ЖАРАЛЫ ЖАУЫНГЕРДІҢ ЖАН СЫРЫ

30/01/2025 - 16:17
  • Басты назарда

Әскери топограф

30/01/2025 - 10:49
  • Басты назарда

"Білек күші - ер азамат белгісі"

28/01/2025 - 19:19
  • Басты назарда

ЖАРАЛЫ ЖАУЫНГЕРДІҢ ЖАН СЫРЫ

28/01/2025 - 16:38