Армия үйінде тәрбиеші-офицерлерге құрмет көрсетілді

ҚР Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Алматы филиалында Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаевтың басшылығымен салтанатты жиын өтті.

Админ

Тәрбие құрылымдары институтының құрылған күніне арналған іс-шараға әскери қызметшілер мен жастар қатысты.

– 2023 жылғы мамырда өткен бүкілармиялық кеңесте Қарулы күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Армияның басты міндеті – рухани-адамгершілік тәрбие орталығы болу" деп атап өтті. Бұл міндетті тәрбиеші офицерлер корпусы сәтті орындап келеді. Олардың ұйымдастыруымен көптеген халықаралық және республикалық ауқымдағы іс-шаралар өткізілді, – деді генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев.

Кеңес Одағының батыры авиация генерал-майоры Сергей Луганскийге, Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовке және Халық қаһарманы Рахымжан Қошқарбаевқа арналған іс-шаралар ұйымдастырылды. 

Қорғаныс министрінің орынбасары атап өткендей, биыл Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай Ақтөбеде Әуе қорғанысы күштері әскери институтының базасында "Айбын" халықаралық әскери-патриоттық жастар жиыны өтеді. Ол Кеңес Одағының Батыры мерген Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орайластырылып отыр.

Салтанатты жиын барысында Қорғаныс министрінің бұйрығымен көзге түскен офицерлер "Ел қорғаны" ведомстволық медалімен және грамоталармен марапатталды. Бірқатар әскери қызметшілерге мерзімінен бұрын әскери атақ берілді. Қарулы күштер ардагерлерінің жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеуге қосқан үлесі Қорғаныс министрінің атынан грамоталармен марапатталды.  

Кездесу соңында ҚР Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығы филиалының шығармашылық ұжымы дайындаған мерекелік концерт өтті.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН ҚҰРДАС

Кеше, 21:24
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРДІҢ ТӘРБИЕЛІК ҚҰРАЛЫ

21/12/2025 - 21:20
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАСПАСӨЗ ТАРИХТА ҚАЛАДЫ

20/12/2025 - 10:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Аталар сөзі – өсиет

19/12/2025 - 13:16
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл

18/12/2025 - 11:12
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға адал қызметтің үлгісі

17/12/2025 - 15:06
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ МҰРАТЫ

16/12/2025 - 09:01
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31