Арнайы операциялар күштерінде қоян-қолтық ұрысының мықтылары анықталды

Елорданың «Абырой» спорт кешенінде ҚР Қарулы күштері Арнайы операциялар күштері қолбасшысының кубогына армиялық қоян-қолтық ұрыстан турнир өтті.
Админ

Аталған кубокты иелену үшін алты команда құрамында елуден аса әскери қызметші бағын сынады. Халықаралық дәрежедегі спортшылар мен спорт шеберлері тоғыз салмақ дәрежесінде күресті. 

Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы полковник Айдос Мырзахметов арнайы жасақтардың жауынгерлік дағдыларын арттыруда, олардың дене шынықтыруын жетілдіруде және моральдық-психологиялық тұрақтылықты нығайтуда армиялық қоян-қолтық ұрыстың маңыздылығын атап өтті.

Татамидегі жекпе-жекті ҚР Қорғаныс министрлігі Спорт комитетінің төрағасы – Армия орталық спорт клубының бастығы полковник Арман Әбеуов, ҚР Қоян-қолтық ұрыс қауымдастығының бас хатшысы Әділ Қайырбаев, Қазақстанның еркін күрес балуаны, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, Лондондағы Олимпиаданың қола жүлдегері Ақжүрек Таңатаров, Мемлекеттік күзет қызметі жауынгерлік және арнайы даярлық штабының бастығы Антон Аманбаев, ҚР Ұлттық ұланы бас қолбасшылығының дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы полковник Сәтжан Әбішев. 

Жарыс қорытындысы бойынша бірінші командалық орынды 22750 әскери бөлімінің әскери қызметшілері, екінші орынды 36814 әскери бөлімінің спортшылары, үшінші орынды 20709 әскери бөлімінің барлаушылары иеленді. 

Келісімшарт бойынша әскери қызметші сержант Бауыржан Сұлтановқа «Үздік спортшы» арнайы номинациясы берілді, «Жеңіске деген ерік-жігері үшін» номинациясын аға сержант Асқар Асқаров еншіледі. 

Турнирдің чемпиондары мен жүлдегерлеріне ақшалай жүлделер мен сыйлықтар табыс етілді. Қоян-қолтық ұрысының ең мықтылары ел Қарулы күштердің спартакиадасына жолдама алады.

__Последние новости

  • Басты назарда

Ұйыған отбасы – мықты әскердің негізі

Бүгін, 14:28
Админ
  • Басты назарда

«Фараби әлемінің» жеңімпаздары

Кеше, 10:27
  • Басты назарда

СЕМЕЙ САРБАЗДАРЫ ТАНКІГЕ ҚАРСЫ ТҰРДЫ

04/06/2025 - 16:23
  • Басты назарда

Әскери міндеттілер ант қабылдады

04/06/2025 - 10:22
  • Басты назарда

Ашық есік күні ұйымдастырылды

03/06/2025 - 16:21
  • Басты назарда

Дұрыс жүру – денсаулық кепілі

03/06/2025 - 10:20
  • Басты назарда

Ерекше сәттерімен есте қалған форум

02/06/2025 - 16:18
  • Басты назарда

Балаларды қорғау күніне арналды

02/06/2025 - 16:00
  • Басты назарда

Батыр атындағы көше барынша тазаланды

01/06/2025 - 10:13
  • Басты назарда

ИДЕЯНЫ ІСКЕ АСЫРУДА ІРКІЛІС БОЛМАЙДЫ

29/05/2025 - 16:08
  • Басты назарда

БАҒЫТ-БАҒДАРЫМЫЗ БАЯНДАЛДЫ

29/05/2025 - 09:06
  • Басты назарда

ЖҮРЕКТІ ЖЫЛЫТҚАН ЖҮЗДЕСУ

29/05/2025 - 09:03
  • Басты назарда

Батыр жауынгерлер ерлігіне тағзым

12/05/2025 - 10:03