Айтулы күндегі пресс-тур

21 қаңтар – Инженерлік әскердің құрылған күніне орай «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 54770 әскери бөліміне жергілікті БАҚ өкілдері пресс-турға шақырылды.

Админ

Журналистерге мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің әскери жолдарды барлау және минасыздандыру бойынша қимыл-әрекеті көрсетілді. Сарбаздар берілген тапсырманы ойдағыдай орындады. Сабақ барысына офицерлер мен сержанттар жетекшілік етті.

   Мерзімді әскери қызметшілердің күнделікті ас мәзірімен бөлім командирінің тыл жөніндегі орынбасары майор Руслан Дүйсеков таныстырды. Оның айтуынша, мерзімді әскери қызметшілердің күнделікті қолданыстағы азық-түлік нормасы ҚР Қорғаныс министрлігінің бұйрығымен бекітілген. Ол жерде жалпыәскери бірінші норма қарастырылған. Осы азық-түліктерден әскери қызметшілерге апталық әс мәзірі жасалады. Мереке күндері қосымша мерекелік үлес, яғни қосымша жеміс-жидек, тәттілер және ұлттық тағамдар ұсынылады.

   «Инженерлік әскер Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде маңызы зор әскерлердің бірі болып саналады. Қазіргі бейбіт заманда инженерлік әсер тек қана жауынгерлік тапсырмаларды орындау үстінде.  Біздің әскерилер Арыс қаласындағы оқ-дәрілер арсеналының техникалық аймағын әскери үлгідегі жарылғыш заттардан тазарту және өрт зардаптарын жоюда қауіпсіздік шараларын сақтау міндеттерін сапалы орындады. Қостанай облысындағы және «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының орман шаруашылығында шыққан өрттің салдарын тазартуға да бар күштерін салды. Сондай-ақ, бөлім әскерилері Біріккен Ұлттар Ұйымының Ливандағы миссиясына алғашқы бітімгершілік рота жасақталған күннен бастап қатысып келеді. Бұл күндері Ливан жеріндегі бейбітшілікті сақтауға үлес қосып жүрген тағы 2 әскери қызметшіміз бар. Осы сәтті пайдалана отырып, барша инженерлік әскердің жеке құрамын кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Инженерлік әскерлер әрқашан жасай берсін! Қазақстан Республикасының инженерлік әскері әр уақытта, күн демей, түн демей, жауынгерлік тапсырмаларды орындауға дайын», - деді тілшілерге сұхбат берген 54770 әскери бөлім командирі подполковник Қанат Тәңірбергенов.  

   Бүгінгі күні еліміздің инженерлік әскерінде қызмет ететін әскерилер жүктелген міндетті кәсіби біліктілігімен атқарып келеді.  ҚР Қарулы Күштерінің инженерлік әскері – жеке құрамның арнайы дайындығы мен инженерлік қару-жарақ құралдарын пайдалануды талап ететін, жалпыәскери операцияларды (жауынгерлік қимылдарды) инженерлік қамтамасыз етуде ерекше күрделі міндеттерді орындауға, инженерлік оқ-дәрілерді қолдану арқылы қарсыласты жоюға бағытталған арнайы әскер. Оның құрамына инженерлік-саперлік, инженерлік-жол, понтондық және тағы басқа құрылымдар кіреді. Бүгінгі күні әскердің бұл түрі инженерлік қару-жарақ құралдарымен, әскери техникамен, әрі білікті мамандармен жан-жақты жабдықталған. Қойылған міндеттерді мотоатқыштар, зымыран әскерлері, артиллерия, танк және тағы да басқа әскер түрлерімен біріге жүзеге асырады. 

 

Алуа Искакова

Суретті түсірген автор

__Последние новости

  • Басты назарда

"Білек күші - ер азамат белгісі"

28/01/2025 - 19:19
Админ
  • Басты назарда

ЖАРАЛЫ ЖАУЫНГЕРДІҢ ЖАН СЫРЫ

28/01/2025 - 16:38
  • Басты назарда

Курсанттардың білімі таразыланды

28/01/2025 - 10:34
  • Басты назарда

ЖЕКЕ ҚҰРАММЕН ӨТКЕН ДӘРІС

27/01/2025 - 17:33
  • Басты назарда

Айтулы күндегі пресс-тур

26/01/2025 - 16:30
  • Басты назарда

Тәрбиешілер күніне арналған шара

25/01/2025 - 10:24
  • Басты назарда

103 жастағы майдангерді құттықтады

21/01/2025 - 16:31
  • Басты назарда

ЕРЛІГІ ЕЛ ЖАДЫНАН ӨШПЕЙДІ

21/01/2025 - 10:30
  • Басты назарда

ӘСКЕРИ ШЕРУГЕ ДАЙЫНДЫҚ

19/01/2025 - 16:22
  • Басты назарда

ӘСКЕРИ ТӘРБИЕШІЛЕРДІҢ ТӨЛ МЕРЕКЕСІ

19/01/2025 - 11:19