«Мәтібұлақ» полигонында танкистер Т-72 танкін жүргізу дағдыларын жетілдіруде

Гвардейск гарнизоны танк бригадасының әскери қызметшілері танк жүргізуден практикалық сабақтарға кірісті. 

Админ

Бұған дейін олар танктің тактикалық және техникалық сипаттамаларын, оның құрылымын, техникалық қызмет көрсету тәртібін және пайдалану ерекшеліктерін үйренді. 

– Жауынгерлік машинаның құрылымын өзіңнің бес саусағыңдай білуің керек. Жауынгерлік тапсырманы сәтті орындау үшін оқ-дәрі ғана емес, сонымен қатар май, отын, салқындатқыш деңгейі де маңызды. Мұның бәрі танктің жауынгерлік сипаттамасына және қарқынды жұмыс жағдайында жұмыс істеу қабілетіне әсер етеді. Біз сарбаздарға машинаны басқаруды ғана емес, оны жауынгерлік іске сақадай сай қып ұстауды да үйретеміз, – деді рота командирі аға лейтенант Тұңғышбай Айтмұхан.

Тәжірибелік сабақтарда механик-жүргізушілер ойлы-қырлы жерлерде маневр жасау дағдыларын пысықтады. Табиғи және жасанды кедергілері бар 6 шақырымдық бағытты жүріп өтті. 

– Бұл менің жиырмасыншы жорығым. Сегіз айдың ішінде мен 140 шақырымнан астам жол жүрдім. Командирлерімізден көп нәрсе үйрендік, оларға көп рахмет, – деп бөлісті 21450 әскери бөлімі 1-ші танк батальонының механик-жүргізушісі қатардағы жауынгер Серікбол Талғат. 

Дайындықтың келесі кезеңдерінде әскери қызметшілер кедергілі өткелдерден, еңістерден өтуді, көтеріліп түсу қозғалыстарын үйреніп дағдылануға кіріседі. 

Сабақ барысында бөлімше командирлері сарбаздарға барынша білім беруге тырысады, ал сарбаздар техниканы пайдалану және қызмет көрсету кезінде тәлімгерлердің пәрмендерін нақты орындайды.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02