Қорғаныс министрлігінде Азиядағы бейбітшілікті нығайту мәселесі талқыланды

АӨСШК Хатшылығының және Шанхай ынтымақтастық ұйымының өкілдері қатысты

Қазақстан Республикасының АӨСШК-ге төрағалық етуінің 2020-2024 жылдардағы тұжырымдамасының іс-қимыл жоспарын жүзеге асыру аясында ҚР Қорғаныс министрлігі Халықаралық форум хатшылығымен бірлесіп Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің әскери-саяси өлшемін дамыту жөнінде семинар өткізді. Бұл туралы Sarbaz.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл шараға АӨСШК Бас хатшысы Елші Қайрат Сарыбай, АӨСШК-ге мүше елдер әскери ведомстволарының, Қазақстанның қорғаныс және сыртқы істер министрліктерінің, АӨСШК Хатшылығының және Шанхай ынтымақтастық ұйымының өкілдері қатысты.

Семинар барысында Азиядағы бейбітшілікті, тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған өзара ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.

Одан өзге Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесті әскери-саяси өлшеуде сенім шараларын іске асыруға, АӨСШК-ге мүше елдердің бітімгерлік миссияларды өткізу мен оған қатысудағы тәжірибесіне, олардың осы бағыттағы ынтымақтастығына қатысты презентациялар да ұсынылды.

Бағдарламаға сәйкес семинарға қатысушылар Қазақстанның қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің кәсіпорындары мен Қорғаныс министрлігінің әскери нысандарының біріне барды.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02