Әскери оқу орнының курсанты өрт кезінде батылдық танытты

Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер қаласында демалыста болған Ресей әскери-әуе академиясының курсанты Әсет Сәкенов өрт кезінде адам өмірін құтқарып қалды.

Админ

Қаңтар айының басында қаладағы көпқабатты үйлердің бірінің бесінші қабатындағы пәтерде өрт болды. Үйдің балконынан түтінді байқаған Әсет құтқару қызметіне қоңырау шалып, өзі сол жерге жүгіре жөнелді.

Бесінші қабатқа көтерілген ол өртеніп жатқан пәтерді тауып, есікті ашты. Түтіннің кесірінен ештеңе көрінбеді. Ішке тізерлеп енген Әсет бөлмелердің бірінен ер адамның сұлбасын байқады. Алғашында ол ауа жетіспей, көзі ашығандықтан әлгі адамға жете алмады. Сыртқа шығып, көршілерден қолшам алып, қайтадан жанып жатқан пәтерге кірді. Сөйтіп ол ер адамды сыртқа алып шықты.

Өз өмірін қатерге тіккен ержүрек жастың кім екені екі күннен кейін белгіліі болды. Ол – Риддер тумасы, профессор Н. Е. Жуковский және Ю. А. Гагарин атындағы әскери-әуе академиясының бесінші курс курсанты (Воронеж қ.) Әсет Сәкенов болып шықты.

Воронежге жүрер алдында Шығыс Қазақстан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары майор Жасұлан Сәтбалдиев оны Алғыс хатпен марапаттады. Ал жергілікті әкімдік Әсеттің анасына теледидар, ал батырдың өзіне алғыс хат табыс етті.

 – Әсет – нағыз қаһарман. Ол еш ойланбастан өз өмірін қатерге тігіп, жалын ішінде қалған адамды құтқарып қалуға асықты. Бұл нағыз ержүректік пен адамгершіліктің көрінісі, – деп атап өтті Ж.Сәтбалдиев. Сондай-ақ, Департамент өкілі жарты жылдан кейін курсант лейтенант атағын алатынын атап өтті. Оқуды аяқтағаннан кейін Әсет Сәкенов ұшқышсыз ұшу кешендерін қолдану және пайдалану жөніндегі маман ретінде қазақстан армиясында қызметін жалғастырады.

__Последние новости

  • Басты назарда

Әскерге шақыру науқанының барысы тексерілді

Кеше, 15:11
Админ
  • Басты назарда

Салтанатты түрде шығарып салды

Кеше, 11:12
  • Басты назарда

Қортынды тексеріс

Кеше, 10:02
  • Басты назарда

Қортынды тексеріс

17/04/2025 - 14:59
  • Басты назарда

Тактикалық-арнайы жаттығу

16/04/2025 - 09:14
  • Басты назарда

«Сардар» қалалық кешенді олимпиадасы

15/04/2025 - 16:01
  • Басты назарда

Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы

15/04/2025 - 10:56
  • Басты назарда

«Жігіт сұлтаны» байқауы

14/04/2025 - 16:00
  • Басты назарда

127 сарбаз запасқа шықты

14/04/2025 - 15:13
  • Басты назарда

«Наурыз» жарысы

13/04/2025 - 16:59
  • Басты назарда

Әскери бөлімдегі алдын-алу шарасы

13/04/2025 - 15:18
  • Басты назарда

Гарнизондағы түсіндіру сабағы

13/04/2025 - 15:17
  • Басты назарда

Тарихи танымын кеңейтті

13/04/2025 - 11:52
  • Басты назарда

Әскери бөлімнің мерейтойы

12/04/2025 - 17:57
  • Басты назарда

Жауынгерлік техника мұражайы ашылады

12/04/2025 - 10:45
  • Басты назарда

Семейден Ақтауға аттанды

12/04/2025 - 10:09