РУХЫ КҮШТІЛЕРГЕ ТАУЛАР ДА БАҒЫНАДЫ

Ел Президенті-Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Басқолбасшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Ана тілі» газетіне берген сұхбаты күнделікті жұмысымызға жаңа серпін беріп, қанат бітірді. Көтерілген келелі мәселелерге үн қосу мақсатымен алдағы уақытқа жасалған жоспарларымызды одан әрі толықтырдық. Шағын мақалама осындай атау қоюдың осындай сыры және өз негізі бар.

Админ

Жалпы, біздің оңтүстік өңірінде ардагерлер жұмысы жақсы жолға қойылған. Мақтанғанымыз емес, бізде күллі ардагерлер қауымының басын қосқан Коалиция жұмыс істейді. Іс-шараларды бірге жоспарлап, бірге жүзеге асырамыз. Тағы бір атап өтерлігі, біз оларды тек қана әскери ортада емес, сонымен қатар азаматтық саладағы мемлекеттік ұйымдармен де бірлесіп атқарамыз. Гарнизонда әскери бөлімдер және «Жас ұлан» республикалық әскери колледжі, әскери-техникалық мектеп сияқты әскери оқу орындары, қорғаныс департаменті мен оның бөлімдері жетерлік. Оған қоса әртүрлі деңгейдегі 281 жалпы орта білім беретін мектеп, 39 колледж, 9 жоғарғы оқу орындары бар. Бұлардың барлығында «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» арнаулы сыныптары жұмыс істейді. Біз олардың барлығына тең көмектесеміз. Жастарды әскерге шығарып салу, Отан алдындағы азаматтық міндетін өткерген сарбаздарды қарсы алу іс-шаралары тіпті жоғары деңгейде өтеді. Ол біздің бірнеше жылдан бері үздіксіз өткізіп келе жатқан қалыптасқан дәстүріміз.

Аталған сұхбатында Президентіміз биылғы жылдың ерекшеліктеріне кеңінен тоқталды. Әсіресе, Ұлы Жеңістің мерейлі 80 жылдығын атап өтуге байланысты айтқаны елдің көңілінен шықты. Шынымен де біздің аталарымыз, әкелеріміз, тіпті апаларымыз Ұлы Жеңісті жақындатуға ерекше үлес қосқан. Оны біз тарихтан жақсы білеміз. Кеңес Одағының екі дүркін Батырлары Талғат Бигелдинов, Сергей Луганский аталарымыздың, атақты Баукең батырдың, Рейхстагқа ту тіккен Рақымжан ағамыздың, әйгілі партизан Қасым көкеміздің, Әлия, Мәншүк, Хиуаз апаларымыздың, т.б. саңлақтарымыздың өнегелі өмірі ұрпақ үшін қашанда мақтаныш. Солардың бірі Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов ағамыздың тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі және № 1 Халық Қаһарманы атануы да тегін емес.

Ұрыс даласында да, өндіріс саласында да халқымыз «Бәрі де жеңіс үшін!» деген ұранмен еңбек етті, ұйымшылдықтың биік өресін, батырлықтың үлгісін көрсетті. Қару-жарақтан бастап азық-түлік пен киім-кешекке дейін майданға жіберді. Тарих оны ешқашан ұмытпайды. Жауынгерлік ерлігі үшін берілетін жоғары наградалардың бірі «Айбын» орденінің үш дәрежесіне өткен жылы Сағадат Нұрмағамбетовтің, Бауыржан Момышұлының және Рақымжан Қошқарбаевтың есімдерінің берілгенін жақсы білеміз. Бұл Отан қорғаушылар рухын асқақтатқан тамаша қадамның бірі болды.

Соңғы күндердің өзінде ғана Сайрам аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімде Таулы-Қарабақ ұрыс қимылдарының 2024 жылды қорытындылаған үлкен жиынын өткіздік. Жиында Сайрам АҚІЖБ-нің бастығы подполковник Ғ.Балғынбаев жуырда ғана «ардагер» мәртебесін алған Сахов Нұрлан, Суцкий Александр сынды қос ардагерімізге «За боевые заслуги» медалін тапсырды.

ҚР ҚМ Сабыр Рахымов атындағы Әскери колледжі Түркістан облысының Төлеби ауданында үгіт-насихат жұмысын жүргізді. Оған аталмыш аудандық білім бөлімінің басшысы, педагогика ғылымының докторы, профессор Бекайдар Тойлыбаев, алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің әдіскері, ҚР ҚК ардагері, запастағы полковник Әуезхан Әлімбеков, "ҚР ҰҚК Шекара қызметі ардагерлері" РҚБ Түркістан облысы бойынша төрағасы  запастағы подполковник Сапарғали Түймебеков және басқалар қатысты.

Біздің Ардагерлер каолициясы күн сайын 5-10 іс-шара өткізеді. Мұның сыртында Ерлік сабақтары тұрақты жүргізіледі. Сабақ жоспарына сәйкес онда халқымыздың өткен ғасырлардағы тарихи тұлғаларынан бастап бүгінгі күннің батырларына дейін жеке адамдардың өнегелі өмірі жайлы кең қамтылып айтылады. Кейіпкерге арналған баяндамамен қатар слайд көрсетіліп, альбом жасалып, рефераттар қорғалады. Сөйтіп жас ұрпақтың Отансүйгіштік сезімін қалыптастырып, жастарға патриоттық тәрбие беруде сапалы білім, саналы тәлім қалыптасады.

Президент мақаласына орай қосымша атқарылатын жұмыстар жоспары түйінделді. Осы уақытқа дейін қалыптасқан дәстүріміз бойынша біз оның жүзеге асу барысын алдағы уақытта өзгелермен бөлісіп отыратын боламыз. Рухы күштілерге таулар да бағынады. Бабалар салған сара жолды одан әрі жаңғыртуға біз сөзімізбен де, ісімізбен де лайықты боламыз!

 

Отставкадағы полковник Серікбай Онбаев,

"ҚР ҚК Ардагерлері" РҚҰ Шымкент филиалының төрағасы,   Шымкент қаласы Ардагерлер коалициясының төрағасы, Шымкент қаласының Құрметті азаматы

__Последние новости

  • Басты назарда

Ақтөбеде генерал Жансен Кереевті еске алды

Бүгін, 09:52
Админ
  • Басты назарда

РУХЫ КҮШТІЛЕРГЕ ТАУЛАР ДА БАҒЫНАДЫ

Кеше, 14:50
  • Басты назарда

Оңтүстіктегі гарнизондар тексерілді

10/01/2025 - 15:46
  • Басты назарда

ҚАУІПСІЗДІК ҚАПЕРДЕ БОЛУЫ ТИІС

04/01/2025 - 10:33
  • Басты назарда

Тактикалық-атыс дайындығы

03/01/2025 - 15:32
  • Басты назарда

Даңқты қолбасшыға арналды

01/01/2025 - 10:22
  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайы

31/12/2024 - 10:19
  • Басты назарда

Отан қорғау жолындағы алғашқы қадам

30/12/2024 - 16:17
  • Басты назарда

Жаңа жыл қарсаңындағы қуаныш

30/12/2024 - 12:05
  • Басты назарда

Батырдан қалған аманат

30/12/2024 - 11:16
  • Басты назарда

ЕҢБЕКТЕРІ ЕЛЕНДІ

29/12/2024 - 15:38
  • Басты назарда

ШАТТЫҚ  СЫЙЛАҒАН  ШАРА

29/12/2024 - 13:07