Отставкадағы полковник Сапарғали ЖАҒЫПАРОВ: ОТАН ҮШІН ОТ КЕШКЕНДЕР ҰМЫТЫЛМАЙДЫ

Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске биылғы  9 мамырда  80 жыл толады.  Осы жөнінде Қазақстан Президенті  Қасым-Жомарт Тоқаев жыл қорытындысында: «...Биылғы мемлекеттік іс-шаралардың ішінде Ұлы Жеңістің 80 жылдығы ерекше орын алады. Қазақстандықтар нацизмді талқандауға елеулі үлес қосты. Біздің аталарымыз бен әкелеріміз барлық майданда жанқияр­лықпен соғысты. Оның үстіне, Қазақстан әскерді қару-жарақпен, өнеркәсіп өнімдерімен және азық-түлікпен қамтамасыз ету ісінде маңызды рөл атқарған сенімді тыл болды...» деп ерекше айтып өтті. 

Админ

Өте орынды сөздер.  Иә, 1941-1945 жылдарда Отан үшін от кешкен қазақстандықтар қаншама. Тарихи деректерге сүйенсек, соғыс жылдарында Кеңес Армиясының қатарына 1 млн. 200 мыңнан аса қазақстандықтар шақырылды, 20-дан астам атқыштар дивизиясы мен басқа да әскери бөлімдер құрылды. Майданға 14,1 мың жүк және жеңіл автомобильдері, 1,5 мың шынжыр табанды трактор, 110,4 мың жылқы жіберілді. Соңғы деректер бойынша Қазақстаннан майданға аттанған 1 млн. 200 мың жауынгердің 600 мыңы соғыстан қайтып оралмады. Жалпы, бұрынғы Кеңес Одағының 27 миллионға жуық адамын жалмаған қанды қырғында елімізден аттанған 500-ден астам жауынгер 1934 жылы бекітілген ең жоғарғы Кеңес Одағының Батыры атанған болатын, оның 100-ден астамы – қазақтар.\

Соғыс аяқталғаннан кейінгі жылдары нақты айтқанда, 1946 жылы Құдайберген Сұрағанов, 1965 жылы генерал Сабыр Рахымов, ал 1990 жылы Бауыржан Момышұлы алды. Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атағын Талғат Бигелдинов, Леонид Беда, Иван Павлов, Сергей Луганский, ал Шымкентте орналасқан Чугуев әскери авиация училищесі түлегі И.Н.Кожедуб үш мәрте Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді. Шығыстан шыққан қос жұлдыз пулеметші Мәншүк Мәметова мен мерген Әлия Молдағұловалар да осы жоғары атаққа лайықты деп танылды. Сонымен қатар 142 қазақстандық Даңқ орденінің толық иегері атанса, Кеңес Одағының орден, медальдарымен марапатталған қазақстандықтар саны 100 мыңға жуықтайды.

Бұл соғысқа Қазақстан Кеңестер Одағының бір бөлігі ретінде қатысты. Қазақстан соғыс уақытында майдан қажетіне қарай бейімделді. Көптеген әскери дивизиялар мен бригадалар, артиллерия, миномет, авиация полктері және дербес батальондар құрылды. Қазақстан жауынгерлері кеңес-герман майданының шешуші шайқастарына қатысты. Соғыстың алғашқы сәтінде шекара шебіндегі Брест қорғанысын қорғаушылар қатарында мыңдаған қазақстандықтар болды. 1941 жылғы қыркүйектің аяғында басталған Мәскеу түбіндегі шайқаста генерал И.Панфилов басқарған 316-атқыштар дивизиясы ерекше көзге түсті. Мұнда Бауыржан Момышұлы басқарған 1073-гвардияшыл атқыштар полкі жау шабуылына ерлікпен тойтарыс берді. Мәскеуді қорғауда панфиловшылар дивизиясы бөлімдерінің саяси жетекшілері П.Вихров, М.Ғабдуллин, автоматшылар Т.Тоқтаров, Р.Амангелдиев ерлік көрсетті. Қазақстандық әскери құрамалардың үштен бірі 1941 жылғы 9 қыркүйектен бастап Ленинградты қорғауға қатысты. Қазақстан 1942 жылдың жазында Сталинград шайқасының ең жақын тылына айналып, соғыс қимылдарына Батыс Қазақстандағы темір жол стансалары мен елдімекендер кеңінен тартылды. Курск шайқасында және басқа да майдандарда қазақстандық құрамалар мен бөлімдер болды. Балтық бойы республикаларын, Украина мен Белоруссияны, Шығыс Еуропаны азат етуге және Берлин операциясын жүзеге асыруға қазақстандық жауынгерлер де қатысты. Қазақстандықтар партизан соғысына да белсене қатысты. Ленинград облысындағы шайқастарда - 220, Смоленск жерінде - 270-тен астам, Украина мен Белоруссияда - 3000-дай қазақстандық ерлік көрсетті. Бұлардың ішінде Қ.Қайсенов, Ғ.Ахмедияров, Б.Жангелдин, Ә.Шәріпов, Н.Байсейітова мен Т.Жұмабаева, Ж.Саин, Ғ.Омаров сияқты қазақтың ұл-қыздары болды. Партизандар командирлері А.Егоровқа, Н.Зебницкийге және Ф.Озмительге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. 300-дей қазақстандық Еуропадағы қарсыласу қозғалысына қатысты. Фашизмге қарсы соғыс жеңіспен аяқталғаннан кейін қазақстандық жауынгерлер Квантунь армиясына қарсы шайқасты.

Жалпы Ұлы Отан соғысында 600 000-ға жуық қазақстандық майданда шейіт болды.  Соның ішінде, тек менің Солтүстік Қазақстан облысындағы Дәуқара  шағын ауылынан 114  адам майданға аттанып, жартысы, дәлірек -  74  жерлесім қаза тапты.  Мысалы, тек менің Жағыпар атам тепсе темір үзетін үш ұлын Нұрғали,  Құрманғали, Қоңқай, сонымен бірге үш інісін    Қайыржан, Әміржан, Айтмағамбеттерді соғысқа жіберіп, өзі Нұрдәулет ұлымен  жасөспірім қыздарымен тылда еңбек етіп, майданды нан, етпен қамтамасыз   етті.  Өкінішке орай, атамның үш інісі соғыста жеңіске жетпей, қаза тапты. Былай айтқанда, Отан, елі үшін  мыңдаған сарбазға туған жерінің топырағы да, ауасы да бұйырмай, майдан даласында қалып қойды. Әрине, бүгін сұрапыл соғысқа қатысқан ардагерлерді еске алып, қалай ардақтасақ та, артықтық етпейді. Олардың жастары бір ғасырға келсе де,  майданда  алған жарасының орны әлі сыздаса да,  Отан үшін от кешкендер ұмыт болмауға тиіс. Астанада өтетін  әскери парад бейбіт күнді жақындатқан жауынгерлер үшін үлкен құрмет!

Соғысты бастарынан өткеріп, елді қорғаған сарбаздарымыздың ерлігі айтарлықтай. Ұлы Жеңіс бәріне ортақ. Осы жөнінде Ұлы Отан соғысының ардагері, Қазақстанның халық жазушысы Мұзафар Әлімбаевтың мынадай өлең жолдары бар:         

Қорықпай соғыстық,  

бірлесіп тоғыстық.         

Дөйлерге бас имей,     

 Осалға болыстық.        

Жүрекке Жеңістің,         

 Әлі де нұры ыстық,     

Шындықтан айнымау,   

 Шынайы дұрыстық!

Яғни, «Ер етігімен қан кешкен,  ат ауыздығымен  су кешкен» дегендей, кешегі сұрапыл соғыста елім деп жан беріп, жан алысқан аталарымыздың ерлігі жадымыздан мәңгілік өшпейді.

 

__Последние новости

  • Басты назарда

Ақтөбеде генерал Жансен Кереевті еске алды

Бүгін, 09:52
Админ
  • Басты назарда

РУХЫ КҮШТІЛЕРГЕ ТАУЛАР ДА БАҒЫНАДЫ

Кеше, 14:50
  • Басты назарда

Оңтүстіктегі гарнизондар тексерілді

10/01/2025 - 15:46
  • Басты назарда

ҚАУІПСІЗДІК ҚАПЕРДЕ БОЛУЫ ТИІС

04/01/2025 - 10:33
  • Басты назарда

Тактикалық-атыс дайындығы

03/01/2025 - 15:32
  • Басты назарда

Даңқты қолбасшыға арналды

01/01/2025 - 10:22
  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайы

31/12/2024 - 10:19
  • Басты назарда

Отан қорғау жолындағы алғашқы қадам

30/12/2024 - 16:17
  • Басты назарда

Жаңа жыл қарсаңындағы қуаныш

30/12/2024 - 12:05
  • Басты назарда

Батырдан қалған аманат

30/12/2024 - 11:16
  • Басты назарда

ЕҢБЕКТЕРІ ЕЛЕНДІ

29/12/2024 - 15:38
  • Басты назарда

ШАТТЫҚ  СЫЙЛАҒАН  ШАРА

29/12/2024 - 13:07