Оңтүстіктегі гарнизондар тексерілді

Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Қарулы күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов Шымкент, Арыс және Тараз гарнизондарының әскери бөлімдерін тексерді.

Админ

Бас штаб бастығы мерзімді қызмет сарбаздарының киім-кешек, медициналық қамтамасыз етілуі және тамақтандыруды ұйымдастыруды тексерді. Қаңтар айының суық мезгілінде казармаларды және басқа да әскери нысандарды жылыту, сумен, электрмен жабдықтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасында Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары модульдік казарманы, қоймаларды және жауынгерлік машиналар паркін қарап шықты. Механикаландырылған бригадада ол ішкі қызметтің жай-күйін және қарауылды ұйымдастыруды тексерді.

Тараз гарнизонында генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов Әуе қорғанысы күштерінің ҰҰА-ын жауынгерлік қолдану оқу орталығына және «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының материалдық-техникалық қамтамасыз ету базасына барды. Ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалануға дайындаудың заманауи әдістерімен және мамандарды оқыту үдерісімен танысқан Бас штаб бастығы бұл жаңа технологиялардың барлау және жауынгерлік операциялардың тиімділігін арттыру үшін маңызды екенін атап өтті.

Тау қорықшысы полкінде ол қызмет көрсету жағдайларын және тау жағдайында жеке құрамды даярлау, жылқыларды күтіп-баптау процесін ұйымдастыруды зерделеді.

5-механикаландырылған бригадада, Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде, Луговой гарнизонының бөлімшелерінде генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов техника мен жауынгерлік машиналардың дайындығын, сондай-ақ жауынгерлік кезекшілікті атқару сапасын тексерді.

Жаңа жылдық мерекелерді ескере отырып, ол жоғары тәртіп пен жауынгерлік дайындықты сақтаудың маңыздылығына назар аударды.

 – Бұл күндері әскеріміз әдеттегідей ел қауіпсіздігі күзетінде тұрып, кез келген сын-тегеурінге дайын болуы тиіс, – деп атап өтті генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов.

Әскери бөлімдерде генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов мерзімді қызмет сарбаздарымен әңгімелесіп, қол жеткізілген нәтижелер мен туындаған проблемалар жайлы сұрады. Жауынгерлерді келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, оларға қызметте сәттілік тілеп, жақсы тәрбие бергені үшін ата-аналарына ризашылығын білдірді.

__Последние новости

  • Басты назарда

Оңтүстіктегі гарнизондар тексерілді

Бүгін, 15:46
Админ
  • Басты назарда

ҚАУІПСІЗДІК ҚАПЕРДЕ БОЛУЫ ТИІС

04/01/2025 - 10:33
  • Басты назарда

Тактикалық-атыс дайындығы

03/01/2025 - 15:32
  • Басты назарда

Даңқты қолбасшыға арналды

01/01/2025 - 10:22
  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайы

31/12/2024 - 10:19
  • Басты назарда

Отан қорғау жолындағы алғашқы қадам

30/12/2024 - 16:17
  • Басты назарда

Жаңа жыл қарсаңындағы қуаныш

30/12/2024 - 12:05
  • Басты назарда

Батырдан қалған аманат

30/12/2024 - 11:16
  • Басты назарда

ЕҢБЕКТЕРІ ЕЛЕНДІ

29/12/2024 - 15:38
  • Басты назарда

ШАТТЫҚ  СЫЙЛАҒАН  ШАРА

29/12/2024 - 13:07
  • Басты назарда

ЖЫЛАН ЖЫЛЫ ЖҮРЕКТЕРДІ ЖЫЛЫТСЫН

29/12/2024 - 10:06
  • Басты назарда

ЖАҢА КІТАП ЖАРЫҚ КӨРДІ

28/12/2024 - 15:34