Қорғаныс министрі ресми сапармен Біріккен Араб Әмірліктерінде болды

Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Әбу-Дабиде қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов бастаған Қазақстанның әскери делегациясы келіссөздер жүргізіп, қорғаныс-өнеркәсіп кешендері кәсіпорындарының өнімдерімен танысты.

Админ

Сапар аясында БАӘ вице-президент Мансур ибн Заид Әл Нахаянмен хаттамалық кездесу өтті. Онда қорғаныс саласындағы екіжақты өзара іс-қимылдың перспективалары талқыланды.


Сонымен қатар Армия үйінде генерал-полковник Руслан Жақсылықов пен қорғаныс істері жөніндегі мемлекеттік министр Мұхаммед бен Мүбарак Фадель әл-Мазруи өзара мүдделі ынтымақтастық бағыттарын талқылады.
БАӘ қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындарының қызметімен танысу мақсатында қазақстандық делегация Tawazun Industrial park индустриялық паркінде болды. Онда әскери мақсаттағы өнімдер шығаратын «Нимр», «Каракал», «Халкон» және «Адаси» компаниялары жұмыс істейді.
Әскери қызметшілер әскери техника мен қару-жарақтың тактикалық-техникалық сипаттамаларын зерделеді. Олардың қатарына жауынгерлік сауытты машиналар, атыс қаруы, жоғары дәлдіктегі басқарылатын және түзетілетін авиациялық бомба, тікұшақ типті ұшқышсыз ұшу аппараттары және жоғары қашықтықтағы тосқауылдаушы оқ-дәрілер кіреді.
Бұл Қазақстан тарихындағы Қорғаныс министрінің Біріккен Араб Әмірліктеріне алғашқы ресми сапары екенін айта кету керек.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Антыңа адал бол, жас сарбаз!

23/12/2025 - 16:30
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ БАҒЫТТАҒАН БАСЫЛЫМ

23/12/2025 - 15:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН ҚҰРДАС

22/12/2025 - 21:24
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРДІҢ ТӘРБИЕЛІК ҚҰРАЛЫ

21/12/2025 - 21:20
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАСПАСӨЗ ТАРИХТА ҚАЛАДЫ

20/12/2025 - 10:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Аталар сөзі – өсиет

19/12/2025 - 13:16
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл

18/12/2025 - 11:12
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға адал қызметтің үлгісі

17/12/2025 - 15:06
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ МҰРАТЫ

16/12/2025 - 09:01
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30