Тактикалық-атыс дайындығы

ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің Бас қолбасшысы бекіткен апталық жоспарға сәйкес Абай гарнизоны 44736 әскери бөлімінің жеке құрамы тактикалық-атыс дайындығының жаттығуларын жасады.

Админ

Әр жұма сайын өткізілетін тактикалық-атыс дайындығының жаттығуларын оқытуға офицерлер мен сержанттардың құрамынан әзірлігі анағұрлым жоғары нұсқаушылар бөлінді. Олар ең алдымен жеке құрамға қаруды ұстап тұру, әлсіз қолдың шынтағына бұрап ұстауды қолдану, нысананы екі көзбен көздеуді көрсетті. Нысананы тұрып, бір тізерлеп, онан кейін қос тізерлеп отырып, аяқты бір-біріне қысып арқада жатып, сол және оң жақ қырынан жатып, аунап жатып атудың амал-тәсілдеріне үйретті. Жеке құрам қадамдап қозғалыс жасау, қысқа және ұзақ қашықтыққа жүгіру, қарсыласпен кенеттен бетпе-бет келгенде ату, қимыл кезінде атыс үшін қозғалысты алмастыру әдістеріне де оқытылды. Сондай-ақ, қарсыластың окопын (траншеясын) шабуылдау кезіндегі қимыл-әрекет те пысықталды. Оқталмаған қарудан жаттығулар әскери бөлімнің аумағында өткізілді. 

   Айта кетейік, бөлім әскерилері жауынгерлік дайындықтың ажырамас бөлшегі саналатын армиялық тактикалық атыста кәсіби біліктіліктерін көрсетіп жүр. Онда түрлі қашықтықтағы қозғалыстағы немесе қозғалыссыз нысаналарды көздеп, тасадан тұрып, жатып, отырып, тұрып, тізерлеп және тіреп атады. Атысқа классикалық дайындалуға немесе автоматты, пулеметті, винтовканы, тапаншаны классикалық ұстап қалуға уақыт жоқ. Оқ мейлің ең ыңғайсыз орыннан атылса да, нысанаға дәл тиюі аса маңызды. Яғни, кез келген қару түрін күрделі әрі бөгде жағдайда пайдаланудың шеберлігін жетілдіру үшін үйренушіден де, оның нұсқаушысынан да даярлықтың жоғары деңгейі қажет етіледі. Әрбір әскери қызметшінің жауынгерлік жағдайдағы қимыл-қозғалысына, оқ атудағы жеке шеберлігіне деген көзқарас өзгергендіктен, тактикалық атыс дайындығы да әскерилерге жоғары талаптар қояды.

 

Алуа Искакова

Суретті түсірген автор

 

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02