Сарбаздар алғаш рет парашютпен секіруді орындады

Талдықорғандағы Десанттық-шабуылдаушы бригадасының десантшылары жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес 800 метр биіктіктен Ми-8 тікұшағынан парашютпен секіруді орындады.

Админ
Парашютпен секіру десантшылардың жауынгерлік даярлығының негізі болып табылады, олар десанттық-шабуыл бөлімшелерінің жауынгерлік даярлық бағдарламасына кіреді.

         – Секіруге жіберілген барлық әскери қызметшілер алдын ала дайындықтан өтіп, парашютті ретке келтіру, әуедегі және қону кезіндегі іс-қимылдарды егжей-тегжейлі үйренді, - дейді бөлім командирінің әуе-десанттық даярлық жөніндегі орынбасары подполковник Данияр Сыдықов.

         Бөлім психологтары моральдық-психологиялық жағдайды тексерді, өйткені ол секіруге рұқсат беру және кешенді сынақ болып табылады. Нұсқаудан кейін жауынгерлер арнайы әуе-десанттық кешенде жаттығудан өтті.

         – Мен үшін парашютпен секіру үлкен абырой болды және маған үлкен позитив сыйлады. Тікұшақтың бортында қорқыныш пен шаттық сезімдері аралас. Иықтан қағып белгі берілгеннен соң, әуе көлігінен алғаш рет секіруді орындадым. Сол сәтте мен ерекше сезімге бөленіп, нағыз десантшы болғанымды сезіндім, - дейді бөлім сарбазы кіші сержант Лұқпан Ержан.

         Парашютпен секіру – әуе-десант дайындығының ең күрделі және жауапты кезеңі. Секіру міндетін табысты орындау тек батылдық пен ерік ғана емес, сонымен қатар секірудің барлық ережелерін нақты сақтауды, жинақылықты, жоғары шеберлікті талап етеді.

 

 

Жетісу гарнизонының баспасөз қызметі

             

 

 

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Антыңа адал бол, жас сарбаз!

23/12/2025 - 16:30
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ БАҒЫТТАҒАН БАСЫЛЫМ

23/12/2025 - 15:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН ҚҰРДАС

22/12/2025 - 21:24
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРДІҢ ТӘРБИЕЛІК ҚҰРАЛЫ

21/12/2025 - 21:20
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАСПАСӨЗ ТАРИХТА ҚАЛАДЫ

20/12/2025 - 10:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Аталар сөзі – өсиет

19/12/2025 - 13:16
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл

18/12/2025 - 11:12
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға адал қызметтің үлгісі

17/12/2025 - 15:06
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ МҰРАТЫ

16/12/2025 - 09:01
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30