2017 жылы маусымның 13-і күні «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойылып, 2018 жылы сәуір айында әкімдіктердің жанындағы аумақтық қорғаныс құрамалары Қарулы Күштер аумақтық әскерлерінің әскери бөлімдері болып қайта құрылған болатын. Ол – еліміз Қарулы Күштерінің сенімді резерві болып саналады.
Яғни, қажеттілік туындаған төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету, табиғи, техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарын жоюға жұмылдырылады. 99280 әскери бөлімі Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылдың 3 мамырындағы «Қазақстан Республикасы әкімшілік-территориялық құрылысының кейбір мәселелері туралы» №887 Жарлығының, ҚР Үкіметінің 2022 жылдың 18 тамызындағы «ҚР ҚМ кейбір мәселелері туралы» Қаулысының және «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының 2022 жылдың 22 қыркүйектегі бұйрығының негізінде Абай облысының Семей қаласында құрылды.
Жеке құрамды әскери бөлім командирі полковник Муслим Күзубаев құттықтады. Бірқатар әскери қызметші кәсіби шеберлігі үшін алғыс алды. Тағы бір тобы жауынгерлік даярлықта жеткен жетістіктері мен қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін мақтау грамотасымен марапатталды. Шара барысында армиялық қоян-қолтық ұрыс элементтері көрсетілді. Ән айтылып, күй де тартылды. Дарынды балаларға арналған Ш.Уәлиханов атындағы «Жас ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицейі интернатының тәрбиеленушілері мен №49 орта мектептің каратэ үйірмесінің жеткіншектері де өз өнерлерін көрсетті.
Алуа Искакова
Суретті түсірген автор