Бауыржан Момышұлы афоризмдерінің психо-моральдық құндылығы

Ұлт мұраттарының ұлы байлықтарының бірі – біз, яғни, жастар. Болашағымыздың баянды болуы бүгінгі жастарға тікелей байланысты. Өйткені олар – ертеңімізді жасайтын бүгініміз. «Тәрбиелі – тәртіптің құлы.  Тәртіпті – елдің ұлы». Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ұлттық құрылтайда былай деп атап өтті: «Заң мен тәртіп – ішкі тұрақтылықтың бірден бір кепілі». «Тәртіпке бас иген құл болмайды. Тәртіпсіз ер болмайды».

Админ

Жас ұрпақтың әрбір даму кезеңінде жетекші іс-әрекеті болады. Бұл іс-әрекет өзінің мақсаттары, мотивтері және орындалу тәсілдерімен сипатталады. Бұл жетекші іс-әрекет – өсуші жас ұрпақтың психологиялық мұқтаждарын қанағаттандыру мен таным немесе психикалық үрдістерін қалыптастыруы болып табылады. Балалар жас кезінде еліктегіш келеді. Себебі,  баланың мектеп уақытында «ауыспалы кезең» деп аталатын кезең басталады. Осы «ауыспалы кезеңде» әртүрлі нәрсеге қызығушылықтары артып, жаманға да, жақсыға да, еліктей түседі. Міне, дәл осы уақытта балаға рухани тәрбие өте қажет. Жас ұрпаққа қажетті ең басты үш нәрсе – жақсы тәрбие, кемел білім және адал еңбек.

           Нағыз ер жігіт деп кімді айта аламыз? Бойында ер жүректілігі, қайсарлығы және турашылдығы мен өжеттілігі бар ер адамды айтамыз. Бауыржан Момышұлы нағыз ер жігіт бейнесі қандай болу керек екенін өзінің осы афоризмдері арқылы айтып өтті: «Жігіт болсаң, жігеріңді жасытпа, қайратыңа қайта мін». Қайратты да, жігерлі де бола біліп, қауіп-қатерге қарсы тұра білу, қиындықтан қорықпау – азаматтықтың көрінісі.

      Кең байтақ Отанымызың тыныштығын кірпік қақпай күзету, тәуелсіз мемлекетімізді көзіміздің қарашығындай қорғау: ол – үлкен абырой мен міндет. Жауынгерлер қатарында болу әрбір ер азамат үшін  – азаматтық борыш. «Жауынгерлік борышты өтеу – жеңіспен бірдей». Ер азаматқа тән шымырлық, төзімділік темірдей тәртіпті жауынгерлер қатарында жүріп үйренетіні  анық. Бауыржан атамыздың афоризмі  арқылы жастардың мотивациясы  ашылып, Отанға деген сүйіспеншілігі  артатыны айдан анық.

Отанын Бауыржан Момышұлындай сүюді өнеге етіп қалдырған басқа жазушы жоқ. Оны мына афоризмі арқылы білуге болады:

«Ел дегенде – езіліп, жұрт дегенде – жүгініп қызмет еткін. Елін сүйген жауынгер ер болады» Батыл әрі жаужүрек батыр, қаһармандығы тағы бар және қолбасшы қабілеті мықты, өзінің қол астындағы әскерилерді біріктіре алу қасиеті, шешендігі мен бұйрық бере білуі батыр Бауыржанның қолбасшылық тұлғасында ерекше көрініс тауып отырған. Қазіргі күні біздің жас буынға қалдырған афоризмдері мен нақыл сөздері әрбір жанның Отанға деген махаббатын ашатыны анық.

            Бауыржан Момышұлының афоризмдерін оқи отырып, бойымызға ұлттық рух, отансүйгіштік яки патриоттық сезімдерді оятады. «Ұлттық рух – ұлы адамның және тұтастай алғанда ұлттың да асыл қасиеті» «Ұлттық мақтаныш – ұлт ішіндегі жеке адам үшін мызғымас әрі қасиетті заң». Афоризмдер адам бойына бірнеше сезімдерді оята отырып, терең мағынадағы айшықты ой-пікірді жеткізеді. Бауыржан Момышұлының афоризмдері бекерден бекер туындамаған. Оны айту, қалдыру кез келген адамның қолынан келе бермейтіні айдан анық. Ол үшін ұлы ғұлама, терең ойшыл философ болу керек.

       Мен Бауыржан Момышұлын батыр және Халық қаһарманы, стратег және мықты тактик әрі жазушы деп білемін. Менің пікірімше, –  ол тек батыр емес, нағыз әскери психолог деп атап өткім келеді. Неге әскери  психолог? Оны Бауыржан атамыздың мына сөздерінен байқасаңыз болады: «Адамның үйдегі психологиясы бір басқа да, соғыстағы психологиясы мүлде өзгеше болады. Бұл екі жағдайдағы психологияның арасы жер мен көктей».

         2023 жылғы 1 қыркүйектегі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында қазіргі кездегі жастарға психологиялық қолдау көрсетудің маңыздылығына баса назар аударды. Еліміздегі жастарға зорлық-зомбылыққа  және  қысымға, яғни, буллингке тап болғандарға көмек көрсетуге арналған бағдарлама әзірлеу керек екенін атап өтті. Бірыңғай сенім телефонын ұйымдастыруды тапсырды. Білім беру мекемелерінде психологтың рөлі өте маңызды. Жастарға психологиялық тұрғыдан қолдау көрсету және моральдық психологиялық жай-күйін жақсарту, бір қалыпта ұстау – негізгі міндет.

                 Ұлттық рухты қалыптастыруда Бауыржан Момышұлының афоризмдерінің тәрбиелік мәні мол. Келешек ұрпаққа және жастарға беретін тәлімі, өнегесі  және психо-моральдық құндылығы жоғары. Отансүйгіштікке, өз елінің патриоты болуға және батырлық пен қайсарлықты, тәртіп пен сыйластықты қатар алып жүруге елін, жерін құрметтеуге шақырады. Ол біздің, яғни, жастардың мотивациясын оятып, нағыз тұлға болып қалыптасуда психологиялық тұрғыдан көмек береді.  Рух беретін даңқты сөздері өзіне керек емес, ол бізге, ұлтымызға, келер ұрпағымызға керек.

 

Аружан  Баймуха Мағауияқызы,

Бауыржан Момышұлы атындағы

Алматы республикалық  «Жас ұлан» мектебіндегі

психологиялық қамтамасыз ету бөлімшенің психологы 

__Последние новости

  • Басты назарда

ҚАУІПСІЗДІК ҚАПЕРДЕ БОЛУЫ ТИІС

Бүгін, 10:33
Админ
  • Басты назарда

Тактикалық-атыс дайындығы

Кеше, 15:32
  • Басты назарда

Даңқты қолбасшыға арналды

01/01/2025 - 10:22
  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайы

31/12/2024 - 10:19
  • Басты назарда

Отан қорғау жолындағы алғашқы қадам

30/12/2024 - 16:17
  • Басты назарда

Жаңа жыл қарсаңындағы қуаныш

30/12/2024 - 12:05
  • Басты назарда

Батырдан қалған аманат

30/12/2024 - 11:16
  • Басты назарда

ЕҢБЕКТЕРІ ЕЛЕНДІ

29/12/2024 - 15:38
  • Басты назарда

ШАТТЫҚ  СЫЙЛАҒАН  ШАРА

29/12/2024 - 13:07
  • Басты назарда

ЖЫЛАН ЖЫЛЫ ЖҮРЕКТЕРДІ ЖЫЛЫТСЫН

29/12/2024 - 10:06
  • Басты назарда

ЖАҢА КІТАП ЖАРЫҚ КӨРДІ

28/12/2024 - 15:34
  • Басты назарда

ҚОЯН-ҚОЛТЫҚ ҰРЫСТАН БАҚ СЫНАДЫ

27/12/2024 - 11:18