Даңқты қолбасшыға арналды

Даңқты қолбасшы, халық батыры Бауыржан Момышұлының туған күніне 114 жыл толуына орай Приозерск гарнизонындағы Қарулы Күштер ардагерлері ұжымының ұйымдастыруымен Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қалалық білім бөлімінің «№1 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ерлік сабағы болып өтті.

Админ

Ерлік сабағына білім ошағының 10 «ә» сынып оқушылары тартылды. «Даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлы» тақырыбындағы ерлік сабағын сынып жетекшісі Джантасова Гүлназ Тынымбайқызы ашып берді. Заманауи интерактивтік тақта арқылы Ұлы Отан соғысының қаһарманы, Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының өмірі мен ерлік жолына арналған деректі фильм көрсетілді. Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагері, Қазақстан Республикасының Құрметті азаматы Кенжебеков Тілек Алшымбекұлы оқушыларды батыр Бауыржан Момышұлы жазған «Ұшқан ұя» кітабымен таныстырып, өзінің кітап парақтарын ақтарғандағы ойға түйгендерін жеткізіп берді. Ерлік сабағына 06708 әскери бөлімі командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары Қуандық Арыстанов пен Приозерск гарнизонындағы Әскери полиция бөлімшесінің әскери қызметшісі кіші сержант Құттымұрат Кубеев қатысты.

Приозерск гарнизонының баспасөз хатшысы Думан Жұмашұлы

 

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02