ЕЛ БАТЫРЫНА ТАҒЗЫМ ЖАСАДЫ

Желтоқсанның 24-ші жұлдызы күні қазақтың қаһарман ұлы, даңқты қолбасшы, Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының дүниеге келгеніне 114 жыл толды. Осы датаға орай Астана қаласында Б.Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Оған елордадағы әскерилер және бірқатар белгілі тұлғалар қатысты. Солардың бірі Ауған соғысының ардагері, ақын Бақытбек Смағұл жиналған қауымның алдында жүрекжарды жыр жолдарын оқыған болатын. Соны оқырман назарына ұсынып отырмыз.

Админ

Ыңыранып ыршып шыққан қамыстан,

Тұла бойы жаратылған намыстан.

Отан үшін отқа түсіп Бауыржан,

Ата жаумен арыстандай алысқан.

 

Бауыр болып дос құшағын жайғанда,

Ел мүддесі айналады айбарға.

Ұлы Баукең Мәскеу үшін қан кешті,

Панфиловпен тізе қосып майданда.

 

Ол ерлердің даңқы өшкен жоқ әлі,

Жұлдыздардай самғай берер жоғары,

Бірлік, достық, ынтымағы бар елге,

Бақ-береке мәңгілікке қонады.

 

Айбарланып Сарыарқаның бөктері,

Көк байрағым нұр төгеді көктегі.

Қалғытпашы Қазағымның рухын,

Алашымның азулысы – көкбөрім.

 

Біз қазақпыз досқа құшақ ашатын,

Біз емеспіз жауды көрсе қашатын.

Бауыржандай Батыры бар біртуар,

Қазақстан Республикасы жасасын!

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02