Ұлттық қорғаныс университетінде ұлы қолбасшыны еске алды

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетінде аты аңызға айналған қолбасшы, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлын еске алу шарасы өтті.

Админ

Ұлттық қорғаныс университетінің Құрлық әскерлері факультетінде профессорлық-оқытушылар құрамы мен магистранттардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.
– Бауыржан Момышұлы
Ұлы Отан соғысының батыры, көрнекті әскери қолбасшы ғана емес, ол шын мәнінде әскери өнер туралы баға жетпес құнды еңбектер жазған алғашқы қазақ ғалымы. Ол – стратег, философ әрі психолог. Батырдың мұрасы ұрпақтан ұрпаққа жалғаса береді, - деп атап өтті Ұлттық қорғаныс университеті бастығының орынбасары генерал-майор Самат Төлепбаев.
Іс-шараға қатысушылар Бауыржан Момышұлының өмірі мен әскери мансабына қатысты қызықты деректер келтірді. Мәскеу шайқасының жауынгерлік эпизодтарын талқылау кезінде батырдың қимылы командирдің табысын қамтамасыз еткен жекпе-жекті ұйымдастыруға шығармашылық көзқарасының үлгісі ретінде әскери тарихқа енгені атап өтілді.
Сөз алғандар Бауыржан Момышұлының таланты ұрыс даласында да, жауынгерлерді патриоттық тәрбиелеу ісінде де көрінгеніне ерекше тоқталды.
Іс-шара аясында ҚР Ұлттық қорғаныс университетінің кітапханасы кітап көрмесін ұйымдастырды. Оған қолбасшының кітаптары мен Бауыржан Момышұлы мұрасын зерттеушілердің еңбектері кірді.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02