«Жаңа баспана»: сарбаздарға арналған бағдарламаның шарттары қандай?

Несиенің ең жоғарғы мөлшері – 50 млн теңгеге дейін

Еліміздегі әскери салада еңбек етіп жүрген азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін  «Жаңа баспана» немесе бұрынғы атауы «Әскери баспана» бағдарламасы жұмыс істейді, деп хабарлайды Sarbaz.kz сайтының тілшісі.

Бұл бағдарламаға тұрғын үй төлемдерін алып тұратын, Отбасы банкінде арнайы депозиті бар және бұған дейін тұрғын үй төлемдерін жылжымайтын мүлік сатып алу үшін пайдаланбаған кез келген азамат қатыса алады.

Бағдарлама бойынша несие алу шарттары өзгерген жоқ. Ең төменгі қажетті жинақ сомасы 15%-ға тең. Несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі – 8%. Ал кейін 3,5%-ға дейін төмендейді. Несие мерзімі – 25 жылға дейін. Несиенің ең жоғарғы мөлшері – 50 млн теңгеге дейін.

Тұрғын үй төлемдері Отбасы банкінде ашылған арнайы жеке шотқа аударылады. Арнайы жеке шот пен салымды ашу үшін мына құжаттар қажет:

Жеке куәлік; тұрғын үй төлемін алушы туралы анықтама (әскери қызметті өтіп жүрген жердегі Тұрғын үй комиссиясы тарапынан беріледі); үшжақты келісімшарт (жұмыс беруші тарапынан беріледі);

«Жаңа баспана» бағдарламасының шарттары бойынша, тек жаңа тұрғын үй сатып алуға болады.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19