Батырдан қалған аманат

Бүгінде қазақ тарихында алтын әріптермен жазылған есімдердің бірі – ұлы сардар Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовтің есімі. Қан майданға бозбала  кезінде аттанып, 21 жасында-ақ Кеңес Одағының Батыры атанған көрнекті әскери қолбасшысы Сағадат Нұрмағамбетовтің салған сара жолы бар екені айқын.

Админ

Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледждің 3 рота 2 взвод ұланы Қуанышев Даниял тарих пәнінің мұғалімі Маманова Шарафат Тұрсынбайқызының жетекшілігімен ұлы сардар Сағадат Нұрмағамбетов туралы жазылған «Батырдан қалған аманат» атты ғылыми жұмысымен «Жылдың 100 үздік жобасы» атты ғылыми жобалар байқауына қатысып, 1 дәрежелі дипломмен және  «Үздік ғылыми жоба авторы» медалімен  марапатталды. Осы жобаны ұйымдастырған «Білім – өркениет» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығынан бұл жобаның жеңімпазы ұлан Қуанышев Даниялдың ата-анасына, жетекшісіне, әскери колледж басшысына алғыс хат жіберілді.

Ұлы батыр Сағадат Нұрмағамбетовтің сара жолын үлгі алып, батырдан қалған аманатты жас ұрпаққа насихаттап жүрген жас ұлан Даниялға  өмірде толағай табыстар тілеп, Қазақстан Республикасының беткеұстар азаматы болып, еліміздің дамып-көркеюіне сүбелі үлес қосарына сенеміз!

   

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02