ШАТТЫҚ  СЫЙЛАҒАН  ШАРА

Қарағанды гарнизонында Жаңа жыл мерекесіне арналған балаларға шаттық сыйлаған шара өтті. Қарағанды гарнизонында «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы ұйымдастырған мерекелік іс-шара барысында әскери қызметшілердің балалары үшін ерекше күн болды. Балалардың көңілін көтеру үшін ертегі кейіпкерлері қатысқан көріністер мен қойылымдар ұйымдастырылды. 

Админ

Мерекелік ертеңгілік жас көрермендерге жаңажылдық құттықтаулар сыйлап, олардың есінде қалатындай әсерлі болды. Іс-шараға «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы, полковник Гусейнов Махсут Курманалиевич және қолбасшының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары, полковник Ерболат Шерімбетов қатысты. 

  Салтанатты жиын барысында полковник Гусейнов Махсут Курманалиевич балалар мен ата-аналарды шын жүректен келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді: 

«Құрметті балалар, қадірлі ата-аналар, сіздерді жаңажылдық шырша мерекесінде көргеніме қуаныштымын. Барлықтарыңызды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Әрқашан осылай жарқырап жүре беріңіздер. Дендеріңізге саулық тілеймін. Бұл күні тілеген барлық арман-тілектеріңіз орындалып, өмірде тек сәттілік серік болсын! Жаңа жыл құтты болсын!» 

  Шара барысында балаларға жаңажылдық сыйлықтар табысталып, ерекше көңіл-күй сыйланды. Қойылым барысында балалардың шаттыққа толы күлкісі мен ата-аналардың алғысы шараның шын мәнінде әсерлі өткенін дәлелдеді. 

  Мерекелік кеш соңында балалар мен қонақтар ерекше көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты. Осындай шаралар балаларға қуаныш сыйлап қана қоймай, отбасылардың ынтымағын нығайтып, Жаңа жыл алдындағы көңіл-күйді көтеруге үлкен үлес қосады.

__Последние новости

  • Басты назарда

Ұйыған отбасы – мықты әскердің негізі

Кеше, 14:28
Админ
  • Басты назарда

«Фараби әлемінің» жеңімпаздары

06/06/2025 - 10:27
  • Басты назарда

СЕМЕЙ САРБАЗДАРЫ ТАНКІГЕ ҚАРСЫ ТҰРДЫ

04/06/2025 - 16:23
  • Басты назарда

Әскери міндеттілер ант қабылдады

04/06/2025 - 10:22
  • Басты назарда

Ашық есік күні ұйымдастырылды

03/06/2025 - 16:21
  • Басты назарда

Дұрыс жүру – денсаулық кепілі

03/06/2025 - 10:20
  • Басты назарда

Ерекше сәттерімен есте қалған форум

02/06/2025 - 16:18
  • Басты назарда

Балаларды қорғау күніне арналды

02/06/2025 - 16:00
  • Басты назарда

Батыр атындағы көше барынша тазаланды

01/06/2025 - 10:13
  • Басты назарда

ИДЕЯНЫ ІСКЕ АСЫРУДА ІРКІЛІС БОЛМАЙДЫ

29/05/2025 - 16:08
  • Басты назарда

БАҒЫТ-БАҒДАРЫМЫЗ БАЯНДАЛДЫ

29/05/2025 - 09:06
  • Басты назарда

ЖҮРЕКТІ ЖЫЛЫТҚАН ЖҮЗДЕСУ

29/05/2025 - 09:03
  • Басты назарда

Батыр жауынгерлер ерлігіне тағзым

12/05/2025 - 10:03