Ұлттық қорғаныс университетінде ұлы қолбасшыны еске алды

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетінде аты аңызға айналған қолбасшы, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлын еске алу шарасы өтті. 

Админ

Ұлттық қорғаныс университетінің Құрлық әскерлері факультетінде профессорлық-оқытушылар құрамы мен магистранттардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. 
– Бауыржан Момышұлы Ұлы Отан соғысының батыры, көрнекті әскери қолбасшы ғана емес, ол шын мәнінде әскери өнер туралы баға жетпес құнды еңбектер жазған алғашқы қазақ ғалымы. Ол – стратег, философ әрі психолог. Батырдың мұрасы ұрпақтан ұрпаққа жалғаса береді, – деп атап өтті Ұлттық қорғаныс университеті бастығының орынбасары генерал-майор Самат Төлепбаев.  


Іс-шараға қатысушылар Бауыржан Момышұлының өмірі мен әскери мансабына қатысты қызықты деректер келтірді. Мәскеу шайқасының жауынгерлік эпизодтарын талқылау кезінде батырдың қимылы командирдің табысын қамтамасыз еткен жекпе-жекті ұйымдастыруға шығармашылық көзқарасының үлгісі ретінде әскери тарихқа енгені атап өтілді. 
Сөз алғандар Бауыржан Момышұлының таланты ұрыс даласында да, жауынгерлерді патриоттық тәрбиелеу ісінде де көрінгеніне ерекше тоқталды. 
Іс-шара аясында ҚР Ұлттық қорғаныс университетінің кітапханасы кітап көрмесін ұйымдастырды. Оған қолбасшының кітаптары мен Бауыржан Момышұлы мұрасын зерттеушілердің еңбектері кірді.

__Последние новости

  • Басты назарда

ҚОЯН-ҚОЛТЫҚ ҰРЫСТАН БАҚ СЫНАДЫ

Кеше, 11:18
  • Басты назарда

"Даңқты қолбасшы келбеті"

26/12/2024 - 16:04
  • Басты назарда

Мамандық сабақтары жалғасуда

26/12/2024 - 11:14
  • Басты назарда

Қысқы оқу кезеңі

25/12/2024 - 16:13
  • Басты назарда

Алғаш рет ұзақ қашықтыққа шықты

25/12/2024 - 10:12
  • Басты назарда

Ашық пікірсайыс өтті

24/12/2024 - 16:11
  • Басты назарда

Сарбаз назарындағы сабақ кестесі

23/12/2024 - 13:22
  • Басты назарда

Тәуелсіздік – басты құндылық

22/12/2024 - 10:03
  • Басты назарда

Марапатқа ие болған жас зеңбірекшілер

20/12/2024 - 15:58
  • Басты назарда

Мамандық бойынша даярлық

20/12/2024 - 15:45