Қорғаныс министрі отандық кәсіпорындарының басшыларымен даму басымдықтарын талқылады

Қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов 2024 жылы мемлекеттік қорғаныс тапсырысының орындалуын қорытындылай келе, Қарулы күштерді жарақтандыру саласындағы басымдықтарға тоқталды.

Админ

Іс-шараға Өнеркәсіп министрлігінің лауазымды тұлғалары мен отандық кәсіпорындар басшылары қатысты. Бронды дөңгелекті машиналар шығаратын «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг», тренажерларды, имитаторларды, полигон жабдықтарын және «Қалқан-7» – практикалық оқтарын, қосалқы бөлшектерді және әскери мақсаттағы керек-жарақтарды шығаратын «Алматыэнергосервис» серіктестіктерімен өзара тығыз іс-әрекет жасалғаны атап өтілді. Бронды танктің және артиллериялық техниканы жөндеумен айналысатын «ВостокПолимерСнаб» және «ВостокРемСтройМонтаж», қосалқы бөлшектер, құрастырушы және резеңке техникалық бұйымдарды өндіретін «Семей инжиниринг» АҚ-ның зауытаралық кооперациясының сәтті жұмысы да үлге ретінде келтірілді. Қорғаныс министрі өнеркәсіптегілерді ведомствоның ішкі мүмкіндіктерінен хабардар етті. Қарулы күштерде жөндеу-қалпына келтіру әскери бөлімдері құрылмақ. Техникалық бөлімшелер әуе қозғалтқыштарын жөндеуді жүзеге асырады, артиллериялық жүйелер қалпына келтіріледі. – Біз Президенттің қорғаныс-өнеркәсіп кешендері кәсіпорындарына қолдау көрсету туралы тапсырмасын орындаймыз. Өйткені, Қарулы күштер мен қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің әлеуетін нығайту – ұлттық қауіпсіздік мәселесі. Бұл ортақ міндетіміз. Дегенмен біз өнімдері сапалы жасалатын өндірушілермен ғана жұмыс істеуге ниеттіміз, – деді ол. Кездесу соңында Қорғаныс министрі Қарулы күштердің қажеттіліктерін және қазіргі заманғы соғыс қимылдарының үрдістерін ескеру қажеттігін атап өтті. Ол мемлекеттік қорғаныс тапсырысының шарттарын, оларды ұзарту мүмкіндігінен бөлек, уақтылы және сапалы орындау жөніндегі кешенді шараларға ерекше назар аударды. Шығарылатын өнімнің бағасына қатысты Қорғаныс министрі оның құнын төмендету жөнінде шаралар қабылдау керек деді. Шығарылатын өнім номенклатурасын кеңейту және импортты алмастыру мақсатында министр өнеркәсіптік кооперация мүмкіндіктерін тиімді пайдалануды ұсынды.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02