Мамандық сабақтары жалғасуда

Аягөз гарнизонының танк әскери бөлімінде қысқы оқу кезеңінің жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес басталған мамандық бойынша жеке дайындық сабақтары одан әрі жалғасуда.

Админ

Танк әскери бөлімінің жеке құрамы мамандықтар бойынша бірнеше топтарға бөлінді. Оларға дәріс жетекшілері ретінде тәжірибесі мол офицерлер мен сержанттар тағайындалды.

   «Мамандық бойынша жеке дайындық сабақтарын өткізудегі негізгі мақсат  – жауынгерлік әзірліктің деңгейін көтеру әрі әскери қызметшілердің мамандықтары бойынша білім сапасын арттыру. Сонымен қатар жеке құрамның лауазымына сәйкес міндеттерін оқу және жеке қаруы мен әскери техникасының мүмкіндіктерін, оны пайдалану тәртібін үйрену. Әскери бөлімнің барлық жеке құрамы сабақтарға түгел қатысып, әрбір әскери қызметші өз мамандығы бойынша сапалы білім алуда. Осындай сабақтардың нәтижелері алдағы уақытта өткізілетін оқу-жаттығуларында жақсы жетістіктерге жеткізеді деп сенемін», - деді танк әскери бөлімі командирінің жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары подполковник Әділет Идришев.

   Жеке дайындық сабақтары желтоқсан айының соңына дейін жалғасады. Мамандық бойынша дайындық аяқталғаннан кейін жеке құраммен оқу материалын меңгеру деңгейін анықтау үшін бақылау сабақтары өткізіледі.

 

Алуа ИСКАКОВА

 

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02