Қысқы оқу кезеңі

Шымкенттегі «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 35748 әскери бөлімі әскер мен халықтың Отанды қорғаудағы бірлігі мен дайындығын бейнелейтін «Біртұтас ел – біртұтас жер» ұранымен өтетін қысқы оқу кезеңіне кірісті.

Админ

Саптық алаңынан кейін жеке құраммен бөлімше командирлері мемлекеттік-құқықтық дайындық бойынша алғашқы сабақтарды өткізді, оның барысында әскери қызметшілерге елдегі және одан тыс жерлердегі саяси және экономикалық жағдай туралы, сондай-ақ оқытудың жаңа кезеңіне жоспарланған іс-шаралар туралы ақпаратты жеткізді.

Мемлекеттік-құқықтық дайындық бойынша сабақтардан соң тактикалық-саптық сабақтарға кірісті. Бұл сабақтар барысында жеке құрамның жауынгерлік әзірлікті жоғары дәрежеге келтіру кезінде функционалдық міндеттерді орындауы, бақылау топтарының жұмысын ұйымдастыру, бөлімшелердің роталық колонналарды қалыптастыру аудандарына шығуы, жылжымалы басқару пунктерін өрістету, сондай-ақ командалық-штабтық машиналардың жұмысқа қабілеттілігін тексеру және бағынысты және жоғары тұрған штабтармен байланысты ұйымдастыру мәселелері пысықталды.

Жауынгерлік дайындық аптасынан кейін барлық санаттағы әскери қызметшілер атқаратын лауазымдар көлеміндегі функционалдық міндеттерді, сондай-ақ штаттық қару-жарақ пен әскери техниканың материалдық бөлігін және оларды пайдалану тәртібін зерделеуді қамтитын мамандық бойынша сабақтарын жалғастырады.

Айта кету керек, жеке құрамды оқытудың қысқы кезеңі әскери қызметшілерді мамандық бойынша даярлауды, бөлімшелерді үйлестіруді, жауынгерлік атыстарды және тактикалық жаттығуларды қамтитын жауынгерлік даярлық бағдарламасы бойынша өткізілетін болады.

 

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

__Последние новости

  • Басты назарда

Ұйыған отбасы – мықты әскердің негізі

Кеше, 14:28
Админ
  • Басты назарда

«Фараби әлемінің» жеңімпаздары

06/06/2025 - 10:27
  • Басты назарда

СЕМЕЙ САРБАЗДАРЫ ТАНКІГЕ ҚАРСЫ ТҰРДЫ

04/06/2025 - 16:23
  • Басты назарда

Әскери міндеттілер ант қабылдады

04/06/2025 - 10:22
  • Басты назарда

Ашық есік күні ұйымдастырылды

03/06/2025 - 16:21
  • Басты назарда

Дұрыс жүру – денсаулық кепілі

03/06/2025 - 10:20
  • Басты назарда

Ерекше сәттерімен есте қалған форум

02/06/2025 - 16:18
  • Басты назарда

Балаларды қорғау күніне арналды

02/06/2025 - 16:00
  • Басты назарда

Батыр атындағы көше барынша тазаланды

01/06/2025 - 10:13
  • Басты назарда

ИДЕЯНЫ ІСКЕ АСЫРУДА ІРКІЛІС БОЛМАЙДЫ

29/05/2025 - 16:08
  • Басты назарда

БАҒЫТ-БАҒДАРЫМЫЗ БАЯНДАЛДЫ

29/05/2025 - 09:06
  • Басты назарда

ЖҮРЕКТІ ЖЫЛЫТҚАН ЖҮЗДЕСУ

29/05/2025 - 09:03
  • Басты назарда

Батыр жауынгерлер ерлігіне тағзым

12/05/2025 - 10:03