Мамандық бойынша даярлық

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерінде  жауынгерлік әзірліктің жоспарына сәйкес, барлық санаттағы әскери қызметшілермен мамандық бойынша дайындық басталды.

Админ

Абай гарнизоны 44736 әскери бөлімінің жеке құрамымен мамандық бойынша дәрістерді жүргізу үшін 22 топқа бөлінді. Осы мақсатта әскери бөлімнің аумағында оқу сыныптары мен практикалық арнайы оқу орындары әзірленді. Арнайы сағаттармен жоспарланған біліктілікті арттыратын дәрістерге жетекшілік ету тәжірибесі мол офицерлер мен сержанттарға міндеттелді. Мысалы, жерүстін барлаудың тасымалданатын станциясының оператор-мамандарына аға сержант А.Овчинников, танкілі-навигациялық аппаратурасының оператор-мамандарына аға сержант Р.Асқаров, жарғыш-мамандарға майор Е.Рапиков, пулеметші-мамандарға лейтенант Ж.Күлдархан, БМП және БРМ жауынгерлік машиналарының механик-жүргізуші-мамандарына 3-сынып сержанты К.Косетов, сонымен қатар  «Арлан» броньды машинасының жауынгерлік модулінің операторларына аға сержант Р.Өткелбаев дәріс өткізді. Жеке құрам сабақтарға түгел қамтылды.

   Әскери бөлімдегі сабақтарға Абай өңірлік гарнизоны әскери полиция басқармасының жедел ден қою бөлімінің мерген, оқшашар, көздеуші-оператор, БКМ жүргізуші, жарушы, радиотелефоншы мамандары да қатысуда.

   Мамандық бойынша даярлық – жеке құраммен әскери қызметшілердің функционалдық міндеттерін, штаттық қару-жарақ пен әскери техниканы, атысты оқытуды, штаттық байланыс құралдарымен жұмыс және алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйретуді көздейді. Дәрістер әртүрлі әскери мамандық бойынша жеке-жеке өткізіледі. Әскери қызметшілер құрылған оқу топтарының құрамында жұмыс жасайды. Оларды халықаралық жарыстарға және жаттығуларға бірнеше дүркін қатысқандар мен жеңімпаздары, тәжірибелі әскери мамандар, нұсқаушылар оқытады.

 

Алуа Искакова

Суретті түсірген автор

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02