«Астана» өңірлік қолбасшылық әскерлеріне қарасты 06708 әскери бөлімінің жеке құрамы алдында бөлім командирі полковник Нүркен Жүнісалиевтің Жауынгерлік тумен қоштасу рәсімі болып өтті.
Аталған іс-шара Отан алдындағы қызметтің, яғни, әскери лауазымдық қызметтің бір орыннан екінші басқа орынға ауысуына орай ұйымдастырылған болатын. Өзінің әскери қызметін взвод командирінен бастап, Приозерск гарнизонының бастығы лауазымына дейін көтерілген полковник Нүркен Жүнісалиев ендігі қызметін Астана қаласында орналасқан ҚР ҚК құрлық әскерлерінің бас штабында жалғастыратын болады. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғыларына сәйкес, полковник Нүркен Жүнісалиев салтанатты түрде әскери бөлімнің Жауынгерлік туымен қоштасты.
Ал, 06708 әскери бөлімінің командирі болып подполковник Шарипов Дидар тағайындалды. Ендеше, бірауыздан подполковник Шарипов Дидарға сәттілік тілеп, алдағы қызметіне толағай табыстар тілейтінімізді жеткіземіз. Жауынгерлік тумен қоштасу рәсімінде Приозерск гарнизонының бастығы полковник Савельев Дидар Шаймуратович құттықтау сөз сөйледі. Іс-шара соңынан полковник Нүркен Жүнісалиев жеке құрамның ортасында естелік фотосуретке түсті. Аталған іс-шара Отан алдындағы қызметтің, яғни, әскери лауазымдық қызметтің бір орыннан екінші басқа орынға ауысуына орай ұйымдастырылған болатын. Өзінің әскери қызметін взвод командирінен бастады. Ендеше, подполковник Дамир Алтаевичке сәттілік тілеп, алдағы қызметіне толағай табыстар тілейтінімізді жеткіземіз.
Приозерск гарнизонының баспасөз хатшысы Думан Жұмашұлы