САРБАЗДАР ТАНККЕ ҚАРСЫ ТҰРДЫ

Абай гарнизонының жас сарбаздары танкіге қарсы тұру оқу-жаттығуына қатысты. Осы күзде шақырылған жауынгерлер алғаш рет қолдарына қару ұстап, автоматтан оқ атып, танкіге қарсы тұрды.

Админ

Жуырда қабылданған жас сарбаздар окопқа жасырынып, әскери техниканы өздерінің үстінен өткізді. Содан кейін жау танкісіне қарсы граната лақтырды.

         Тапсырманы орындамас бұрын сарбаздарға шартты қарсыластың танктеріне қарсы тұрудың әдістері түсіндірілді. Сондай-ақ оларға әртүрлі ұрыс жағдайында танкке қарсы гранаталарды және қару-жарақты қолдану ережелері мен тәсілдері баяндалды.

         – Бүгін жоспарға сәйкес қарсыластың танкісіне қарсы окопта жатып қорғану әдістерін үйрендік. Алған әсерім өте жақсы. Қорқынышымды жеңе білдім. Және де менің қарулас достарымда осындай әсер алды деген ойдамын. Барлықтарын алғашқы танк астынан өтулерімен құттықтаймын, - дейді Қостанай облысынан шақырылған қатардағы жауынгер Бекболат Ғайып.

         Броньдалған бірнеше тонналық техниканың астына жатып, оған қарсы тұруға машықтандыру, өздеріне деген сенімділікті арттыруда өте үлкен рөл атқарады. Бұндай әсерлі жаттығудан кейін жас сарбаздар өздерін нағыз жауынгер және Отан қорғаушы сезінері сөзсіз.  

 

Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі

 

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02