Әскери бөлімдегі таныстыру жұмысы

Аягөз гарнизонындағы танк әскери бөліміне мерзімді қызметке еліміздің түпкір-түпкірінен шақырылған жас жауынгерлер үшін таныстыру жұмысы ұйымдастырылды.

Админ

Әскерге енді келген жас құрамға шағын мұражайда әскери бөлімнің тарихы баян етілді. Басшылық құрамы және жеке құрамның жауынгерлік даярлықтағы жетістіктері, есте қаларлық елеулі оқиғалар таныстырылды. Сарбаздар әскери техника орналасқан аллеяны да аралады. Әскери қару-жарақ пен ауыр ұрыс машиналарының шығу тегі, техникалық сипаттамалары туралы мағлұмат берілді.

   «Бір жыл әскери борышымызды өтейтін әскери бөлімдегі шағын экскурсия барысында командирлеріміз әскери қару-жарақ түрлерін, мәдени демалыс орталығын, әскери бөлімнің мұражайы мен кітапхананы көрсетті. Өз басым әдеби кітаптарды көп оқығанды жақсы көретіндіктен, маған әскери бөлімдегі қызықты кітаптарға толы кітапхананың болғаны ерекше ұнады», - деді  Ақтөбе облысынан шақырылған қатардағы Алтынбек Ырғызбаев.

   Қазіргі уақытта жас сарбаздар жауынгерлік дайындықтың жоспарына сәйкес саптық, тактикалық дайындық сабақтарын, жалпыәскери жарғыларды оқып, әскердегі күн тәртібінің кестесіне үйреніп жатыр.  

 

Алуа Искакова

 

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02