Жас сарбаздар ант қабылдады

Абай гарнизонына қарасты әскери бөлімдеріне мерзімді әскери қызметін өткеруге және Отан алдындағы азаматтық борышын атқару үшін шақырылған жас сарбаздар салтанатты түрде ант қабылдады. Осы күз айларында шақырылып, сарбаз атанған 300-ге жуық жауынгердің басым бөлігі – Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола және Павлодар облыстары мен Қарағанды және Шымкент қалаларынан келгендер.

Админ

Салтанатты жиында сөз алған «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының орынбасары полковник Азамат Какимжанов, 28738 әскери бөлімінің командирі полковник Ермек Жұмагазин және 30217 әскери бөлімінің командирі подполковник Еркін Жоламанов құттықтау сөздерін жеткізді. Өз кезегінде сарбаздардың ата-аналары да ақ тілектерін айтып, балаларына баталарын берді.

         Салтанатты шара барысында жас сарбаздардың ата-аналары мен туыстары ұлдарының қолдарына қару алып, әскери өмірге нық қадам басқанын көрді. Артылған аманат пен жүктелген сенімді абыроймен атқаратындарына көздерін жеткізді.

         – Балаларымыздың елдің аманатын, Отанымыздың тыныштығын қорғайтын нағыз жауынгер болуына ант беруінің куәсі болдық. Ата-аналар өте риза болып жатыр. Ұлдарға аман-есен әскери борыштарын өтеп, елдеріне оралуға тілектеспін. Еліміз аман, халқымыз тыныш болып, аспанымыз ашық болсын, - дейді жас сарбаздың анасы Райхан Жұмабекова.

Ант қабылдау рәсімінен кейін қонақтарға әскери қоян-қолтық ұрыс әдістерінен қойылым көрсетілді. Соңында жауынгерлердің ата-аналары мен жақындары бөлім басшылығымен сұхбат жасап, сұрақтарына жауаптарын алды.

 

Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02