Алматыда балалар мен жасөспірімдерге арналған дамыту орталығы ашылды

Қорғаныс министрі Алматыда балалар мен жасөспірімдерге арналған дамыту орталығын салтанатты түрде ашты. Бұрын Парашют дайындығы орталығының қарамағында болған клуб үйі күрделі жөндеуден өтіп, «Жас десантшы» балалар орталығы болып ашылды. 

Админ

Бос тұрған ғимаратты ұтымды пайдалану идеясы Алматы өңірлік гарнизонының бастығы, Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Алмаз Жұмакеевке тиесілі.

Жарты жыл ішінде ескі клубта күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Кабинеттерді, акт залы мен сахнаны жабдықтау кезінде алматылық бизнесмендер үлкен демеушілік көмек көрсетті.

Қалалық жағдайда балалар оқудан бос уақытын тиімді пайдалану үшін дамыту орталықтарына, секцияларға және қосымшаларға барады. Бұл уақытының көп бөлігін қызметте өткізетін ата-аналарға үлкен көмек әрі қаржы мен уақытты үнемдеуге де пайдасы зор.

– Алматы десантшыларының отбасыларында мектеп жасындағы 3000-нан астам бала бар. Олардың барлығы осында жақын тұрады. Балалар үшін бүгінде робототехника, шахмат, шешендік өнер, мобилография, хореография, сурет салу, ағылшын тілі және домбыра үйрету секциялары тегін жұмыс істейді. Оған 150-ден астам бала қатысады. Алдағы уақытта дыбыс жазу студиясын, сондай-ақ ағаш ұстаханасы цехын іске қосу ойда бар, – деді орталық басшысы Қарулы күштердің қызметкері Адалят Насырова.

Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов Орталықтың үй-жайларын аралап көріп, Райымбек батыр атындағы Алматы десанттық-шабуылдау бригадасы мен балалар вокалдық студиясы шығармашылық ұжымының концертін тамашалады.

– Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Алмаз Жұмакеевке және әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс жөніндегі қызметтің барлық ұжымына қысқа мерзімде атқарылған осындай орасан зор жұмыс үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді. Балалар – біздің болашағымыз десек, оларға бар жағдайды жасауымыз керек, – деді Қорғаныс министрі. 

«Жас десантшы» орталығының тәрбиеленушісі Әмірхан Әбдімәжитов ағылшын тілі сабақтарына қатысады. Оның отбасы үшін үйінің жанында тегін үйірмелері бар Дамыту орталығының ашылуы Әмірханның бос уақытын ұйымдастыру мәселесін шешіп берді. Ол алғашқылардың бірі болып ағылшын тілі курсына жазылды. Балақай Қорғаныс министрі мен Десанттық шабуылдау әскерлерінің қолбасшысына тек тіл үйрену үшін ғана емес, басқа үйірмелерде де оқуға мүмкіндік бергені үшін алғыс айтты.

__Последние новости

  • Басты назарда

Жас сарбаздар ант қабылдады

Кеше, 11:26
  • Басты назарда

ТӘУЕЛСІЗДІК және ЕЛ АРМИЯСЫ

16/12/2024 - 14:24
  • Басты назарда

Бірінші рет атыс қаруынан атты

15/12/2024 - 15:10
  • Басты назарда

АЛҒАШҚЫ АТЫС СЫНАҒЫ

15/12/2024 - 10:09
  • Басты назарда

Тапсырма сәтті орындалды

14/12/2024 - 16:07
  • Басты назарда

Жауынгерлік дабыл бойынша көтерілді

14/12/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Жат ағымның алдын алуға арналды

12/12/2024 - 15:00
  • Басты назарда

Мемлекеттік-құқықтық дайындық

12/12/2024 - 10:59
  • Басты назарда

Кешенді практикалық оқу-жаттығу

11/12/2024 - 15:58
  • Басты назарда

Қоштасу рәсімі

11/12/2024 - 13:04
  • Басты назарда

Талаптарды сақтау бойынша сабақ

11/12/2024 - 10:55
  • Басты назарда

«Жас сарбаз» атанды

10/12/2024 - 10:42
  • Басты назарда

Қарулы Күштердің қатарына қосылды

09/12/2024 - 15:40
  • Басты назарда

Әскердің тыныс-тіршілігімен танысты

09/12/2024 - 15:12